Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жұқа мұз – қауіпті!
31
декабрь
2025
Жұқа мұз – қауіпті!
Қысқы демалыс қарсаңында лицейде оқушылармен қауіпсіздік шаралары бойынша алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты – балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті жағдайлардың алдын алу. Мұз үстіндегі ойындардың қауіптілігі, жолда жүру ережелері мен оттан, электрден сақтану туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, ата-аналар чатына жұқа мұздың өмірге қауіп төндіретіні жайлы ақпараттар жолданды.
«Жақсы – сөз жарым ырыс» психологиялық тренингі
30
декабрь
2025
«Жақсы – сөз жарым ырыс» психологиялық тренингі
Психологиялық апталық аясында педагог- психологтардың ұйымдастыруымен тоқсан соңындағы қарбалас кезеңде педагогикалық ұжымның көңіл күйін көтеру мақсатында жылы лебіз бен ізгі сөздерге ерекше мән берілді. Бұл кезеңде әр ұстаздың еңбегі, төзімі мен жауапкершілігі айқын көрінеді. Бір ауыз жақсы сөз жанға демеу болып, алға жетелейді. Сіздердің шәкірттерге берген білімдеріңіз бен тәрбиелеріңіз – өлшеусіз еңбек пен үлкен жүректің жемісі. Осы тоқсанды көтеріңкі көңіл күймен аяқтап, жаңа кезеңге
«Оқу-тәрбие жұмысындағы бірізділік пен сабақтастықты қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті
29
декабрь
2025
«Оқу-тәрбие жұмысындағы бірізділік пен сабақтастықты қамтамасыз ету
2025 жылдың 29 желтоқсанында «Оқу-тәрбие жұмысындағы бірізділік пен сабақтастықты қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында педагогикалық кеңес жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Кеңес барысында білім беру үдерісіндегі жүйелілік пен сабақтастықты нығайтуға бағытталған өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Күн тәртібіне сәйкес, І жартыжылдықтағы тәрбие жұмысының қорытынды есебі тыңдалып, жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу
Ұлттық рухқа толы тағылымды кино-сапар
26
декабрь
2025
Ұлттық рухқа толы тағылымды кино-сапар
Лицейіміздің 5 «Ә» сынып оқушылары «Қазақ әлемі» атты көркем фильмді тамашалап, ұлттық рух пен тарихи танымға толы әсерлі сәттерге куә болды. Кинотуынды оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрінің терең мәнін сезінуге мүмкіндік берді. Фильм барысында балалар ата-бабамыздың рухани мұрасымен танысып, ұлттық құндылықтардың қадірін терең ұғына түсті. Бұл тағылымды кино-сапар оқушылардың рухани дүниесін байытып, жүректерінде ұмытылмас әсер
Ақыл мен стратегия алаңы: ҰМЛ «Ақбозат» аудандық шахмат жарысы
25
декабрь
2025
Ақыл мен стратегия алаңы: ҰМЛ «Ақбозат» аудандық шахмат жарысы
9-11-сынып оқушылары арасында өткен аудандық шахмат жарысы өз мәресіне жетті. Тартысты додада оқушылар өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: I орын – №166 лицей II орын – №178 мамандандырылған лицей III орын – №151 жалпы білім беретін мектеп III орын – №205 жалпы білім беретін мектеп Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Оқушыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз! 
Жаңа жыл – балалықтың жарқын сәттері
25
декабрь
2025
Жаңа жыл – балалықтың жарқын сәттері
Жаңа жыл мерекесіне орай лицейімізде 5–6-сынып оқушыларына арналған көңілді де әсерлі жаңа жылдық мереке өтті. Шаттыққа толы кеште оқушылар ән айтып, би билеп, қызықты ойындарға қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Аяз ата мен Ақшақардың келуі мерекенің сәнін келтіріп, балаларға ерекше қуаныш сыйлады. Бұл мереке оқушылардың жүздеріне күлкі сыйлап, жаңа жылға деген сенім мен үмітті арттырды. Жаңа жыл баршамызға мол қуаныш, сәттілік пен жарқын күндер әкелсін! 
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
24
декабрь
2025
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
24.12.25 күні мамандандырылған лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау жүргізді. Лицейде оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне көз жеткізді.Асхана барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда. Алдағы уақытта да лицей әкімшілігі жүйелі жұмыс істеп, оқушыларға тиімді мүмкіндіктерді қарастырады.