Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оқу-тәрбие жұмысындағы бірізділік пен сабақтастықты қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті
29
декабрь
2025

«Оқу-тәрбие жұмысындағы бірізділік пен сабақтастықты қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті

2025 жылдың 29 желтоқсанында «Оқу-тәрбие жұмысындағы бірізділік пен сабақтастықты қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында педагогикалық кеңес жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Кеңес барысында білім беру үдерісіндегі жүйелілік пен сабақтастықты нығайтуға бағытталған өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Күн тәртібіне сәйкес, І жартыжылдықтағы тәрбие жұмысының қорытынды есебі тыңдалып, жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға талдау жасалды. Сонымен қатар, ІІ тоқсандағы білім сапасының мониторингі ұсынылып, алынған нәтижелер негізінде алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. Педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру мәселесіне де ерекше көңіл бөлініп, дарынды білім алушылармен жұмыс істеу барысында мұғалім құзыреттілігін жетілдіру жолдары қарастырылды.
Кеңес аясында педагогтарды үздіксіз оқыту, ғылыми жарияланымдар мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсету бағытында мазмұнды шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, тәжірибе алмасуға кең мүмкіндік берілді. Аталған педагогикалық кеңес оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге, педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: