Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“ЭКОША” биология-экология қалалық ғылыми жобалар байқауы
28
ноябрь
2025
“ЭКОША” биология-экология қалалық ғылыми жобалар байқауы
Алматы қаласы бойынша  “ЭКОША” биология-экология конкурсы биыл да жас зерттеушілердің тың идеяларымен, табиғатты аялауға бағытталған жаңа ғылыми көзқарастарымен ерекшеленді. Осы мәртебелі додада өз білімін, зерттеушілік дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білген 178 мамандандырылған лицейдің 6 “Б” сынып оқушылары Байқоныс Арна мен Инаятулла Мариям қала көлемінде I орынға ие болды. Олар байқауға ғылыми бағыттағы «Алматы педосферасының тұрмыстық қалдықтарды пайдалану арқылы қасиеттерін жақсарту»
Қыс мезгілінде адам ағзасына қажет дәрумендер
28
ноябрь
2025
Қыс мезгілінде адам ағзасына қажет дәрумендер
Қыс мезгілінде адам ағзасына қажет дәрумендер      Қыс мезгілінде күн сәулесінің жетіспеушілігі, қозғалыстың аздығы түрлі вирустарды жұқтырып ауруға душар қылады. Иә, расымен, қыс пен күзде адам ағзасы көптеген дәрумендерді қажет етеді. Алайда арнайы маманның тағайындауынсыз кез келгенін қабылдай беруге болмайды. Алдымен сараптама жасау арқылы ағзадағы дәруменнің деңгейін тексеру керек. Сонымен қатар, бізге дәрумендердің көп мөлшері бар тағамдар тізімін біліп жүрген артық етпейді.   С дәрумені
«Табиғатты аялаудан басталған игі іс»
28
ноябрь
2025
«Табиғатты аялаудан басталған игі іс»
«Таза Қазақстан» акциясы өз жалғасын табуда. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ борышымыз. 10 «Д» сынып оқушылары «Экологиялық десант» ретінде лицей ауласын тазартып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың жарқын үлгісін көрсетті. Бұл бастама жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген жауапкершілігін арттыра түсті. Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен азаматтық ұстанымды нығайтқан осы игі істі жалғастыру эстафетасын 10 «Ғ» сыныбына жолдаймыз.
"ATU Open Day" және "Білім, Тәжірибе, Мүмкіндік" тақырыбында өткен ашық есік күні
28
ноябрь
2025
"ATU Open Day" және "Білім, Тәжірибе, Мүмкіндік" тақырыбында өткен
Лицейіміздің 10-сынып оқушылары Алматы технологиялық университетінде "ATU Open Day" және "Білім, Тәжірибе, Мүмкіндік" тақырыбында өткен ашық есік күніне қатысты. Университет тарапынан оқушыларға студенттік атмосфераны сезіну үшін шоу ұйымдастырылып, шара соңында кәсіби бағдар беру бойынша мамандықтарға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Саналы ұрпақ тәрбиесінде ЖИ рөлі: тәжірибе, пікір алмасу және даму бағыттары
27
ноябрь
2025
Саналы ұрпақ тәрбиесінде ЖИ рөлі: тәжірибе, пікір алмасу және даму
2025 жылғы 27 қарашада «Жасанды интеллект дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиесі және «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолданудың педагогикалық, әдістемелік және құқықтық қырлары, сондай-ақ оқушылардың цифрлық құзыреттерін дамыту бағыттары мен мұғалімдердің кәсіби өсу мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды. Сонымен бірге оқу-тәрбие жүйесіне «Адал азамат» біртұтас тәрбие
«Біз біргеміз! Буллингке жол жоқ!»
27
ноябрь
2025
«Біз біргеміз! Буллингке жол жоқ!»
2025 жылдың 27 қарашасында  7-сынып оқушыларына арналған «Біз біргеміз! Буллингке жол жоқ!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг оқушылардың буллингке деген көзқарасын өзгертуге, достық қарым-қатынасты арттыруға және бір-біріне деген сенімділік пен қолдау сезімін қалыптастыруға ықпал етті. Оқушылар белсенді қатысып, тренинг жоғары деңгейде өтті.
“Қазақстан Білім Олимпиадасы”
27
ноябрь
2025
“Қазақстан Білім Олимпиадасы”
Мамандырылған білім беру ұйымдарының 10-11 сыныптар арасында өткен “Қазақстан Білім Олимпиадасында”  Мукаметканов Мансур физика пәні бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды! Мансур жарайсың, биік белестерді бағындыра бер!
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы
27
ноябрь
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Абай өлеңдерін мәнерлеп
Құттықтаймыз!  Алатау ауданы мектеп оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы өтті. Аталған байқауда Қалыбек Мансұр «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы бойынша II орын иеленді. Жетекшісі: Жунисбекова Г.Б.
"Абай әлемі" - қазақ әдебиетінің асыл діңгегі
27
ноябрь
2025
"Абай әлемі" - қазақ әдебиетінің асыл діңгегі
27 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде рухани мазмұны терең, тағылымы мол «Абай күні» атты саяхат- сабағы өткізілді. Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының мектептермен байланысты нығайтуға бағытталған бұл шара – білім мен парасаттың тоғысқан мерекесі десе болады. Хакім Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында өткен мазмұнды іс-шараға Алматы қаласы, Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің