Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Сентябрь 2025 года » Страница 3
"Алматы - әсем қала"  атты әдеби кеш өтті
24
сентябрь
2025
"Алматы - әсем қала" атты әдеби кеш өтті
Мыңжылдық тарихы бар Алматы қаласының туған күніне орай "Alatau Creative Hub" орталығында "Алматы - әсем қала"  атты әдеби кеш өтті. Аталған  шараға лицейіміздің оқушылары да қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, үлестерін қосты.
"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" қалалық байқаудағы жеңіс!
23
сентябрь
2025
"Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" қалалық байқаудағы жеңіс!
"Алматы дарыны" ұйымдастырған "Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" республикалық инновациялық идеялар байқауының қалалық кезеңінде 9 "А" сынып оқушысы Қайрат Нариман І дәрежелі дипломға ие болды. Номинациясы — автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру. Жетекшісі — Жумагулова С.А.Нариманды ерекше жетістігімен құттықтап, одан әрі шығармашылық табыстар тілейміз! 
Алматы қаласы мұғалімдері арасындағы әйелдер волейбол жарысы өтті
22
сентябрь
2025
Алматы қаласы мұғалімдері арасындағы әйелдер волейбол жарысы өтті
Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына арналған Алматы қаласы мұғалімдері арасындағы әйелдер волейбол жарысы өтті. Жарысқа қаланың 8 ауданынан іріктелген үздік командалар қатысты. Мақсаты — білім беру мекемелеріндегі мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, педагогтардың спорттық шеберлігі мен физикалық дайындығын арттыру, ұстаздар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту болды. Лицейіміздің намысын жаттықтырушысы әрі ойыншысы М.К. Утешова мен команда ойыншысы
"Таза қала – жарқын болашақтың кепілі" экологиялық акциясы
22
сентябрь
2025
"Таза қала – жарқын болашақтың кепілі" экологиялық акциясы
"Таза қала – жарқын болашақтың кепілі" атты экологиялық акциясы өтті. Акция барысында оқушылар лицей аумағындағы гүлдер мен ағаштарға қамқорлық көрсетіп, оларды суарып, айналасын тазартып, күтім жасады. Іс-шараға оқушылар мен ұстаздар белсенді қатысып, табиғатты аялау мен қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың маңызын көрсетті. Мұндай игі бастамалар оқушылардың экологиялық сана-сезімін қалыптастырып, жауапкершілікке тәрбиелейді. 
"Таза Қазақстан" экологиялық науқаны
20
сентябрь
2025
"Таза Қазақстан" экологиялық науқаны
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясына лицейдің эко-клуб мүшелері белсене атсалысты. Олар мектеп ауласын және оның айналасын қоқыстан тазартып, ағаштар мен гүлдер отырғызды. Бұл шара арқылы оқушылар табиғатты қорғаудың маңызын түсініп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Эко-клуб мүшелерінің белсенділігі өзгелерге үлгі болып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндеді.
Денсаулыққа пайдалы тағамдар
19
сентябрь
2025
Денсаулыққа пайдалы тағамдар
Танымал диетологі, невропотолг Джонни Боуден дденсаулық ең пайдалы 12 тағам түрін анықтады. Оның қатарында құрамында нәрлі заттары, фитохимиялық қосындылары, дәрумендері, минералдары, антиоксиданттары мен пайдалы майлары бар өнімдер еніп отыр.  Боуденнің айтуынша, ол адамды жүз жасқа жеткізетін тамдардың тізімін жасаған.  Сонымен, денсаулықты кеселден қорғайтын өнімдер мыналар: жидектер, атбұршақ, жаңғақ, қаймағы айырмалған сиыр сүті, майлы балық, мал еті, жұмыртқа, орамжапырақ, алма, сарымсақ
Жақсылық - жан жылуы (балалар үйіне саяхат)
19
сентябрь
2025
Жақсылық - жан жылуы (балалар үйіне саяхат)
Лицейдің 8 "Б" сынып оқушылары сынып жетекшісі Өкпебаева Салтанат апаймен бірге балалар үйіне барды. Олар балаларға сыйлықтарын тарту етіп, балалармен ойындар ойнап, жылы көңіл-күй сыйлады. Бұл кездесу оқушыларға мейірімділік пен жанашырлықтың маңызын терең түсіндіріп, жүректеріне адамгершілік сезімін оятты.