Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2025 года » Страница 5
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
13
март
2025
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
    Наурыз айының 13-күні №178 мамандандырылған лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тексеріс жүргізді. Лицейде оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне, санитарлық талаптарға сай келетініне көз жеткізді. Асхана қызметкерлері барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жұмыстарды атқаруда. Тексеру барысында ешқандай кемшіліктер болмады.
Лицей оқушылары гандболдан 1-орын иеленді
13
март
2025
Лицей оқушылары гандболдан 1-орын иеленді
"Ұлттық мектеп лигасы" аясында гандболдан 9-11-сынып оқушылары арасында аудандық іріктеу жарысы өтті. Жарысқа ауданның ең мықты деген оқушылары қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарыс барысында лицейіміздің оқушылары 1-орынды иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз және де қалалық жарыста жүлделі орынмен қайтуына тілектеспіз.
Ағылшын тіліндегі ағымдағы элективтік курстардың маңыздылығы
13
март
2025
Ағылшын тіліндегі ағымдағы элективтік курстардың маңыздылығы
2025 жылдың 06 наурызы күні Алматы қаласының Алатау және Әуезов ауданының ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері бірлесіп, “Importance of the current elective courses in English” тақырыбында өз авторлық бағдарламаларын қала және облыстық мектеп мұғалімдеріне таныстырып, тәжірибе алмасты. Білім берудегі заманауи мәселелерді талқылап, білім берудің әртүрлілігіне қол жеткізу және білім беру үдерісін ұйымдастыру мақсатында №178 мамандандандырылған лицейінің ұйымдастыруымен онлайн семинар өтті. Семинар
"Театрдың ғажайып әлемі" фестиваль-байқауы өткізілді
12
март
2025
"Театрдың ғажайып әлемі" фестиваль-байқауы өткізілді
“Шабыт” жобасы аясында лицейде “Театрдың ғажайып әлемі” атты театр үйірмесі жұмыс жасайды.Үйірменің мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау мен дамыту. 
"Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран" атты аудандық отбасылық сайысында жеңімпаз атандық
12
март
2025
"Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран" атты аудандық отбасылық сайысында
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған "Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран" атты аудандық отбасылық спорттық сайысында лицейіміздің 5 "Г" сыныбының ата-анасы, "Нұртай" әулеті жеңімпаз атанып, арнайы грамотаға ие болды.
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай кітап  көрмесі өтті
11
март
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай кітап көрмесі өтті
Лицейде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған көрме өтті. Бұл көрме оның өмірі мен шығармашылығының тереңдігін, ұлттық мәдениет пен әдебиетке қосқан үлесін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Көрмеде Абайдың шығармаларын, оның жеке мұраларын, портреттерін және заманы туралы ақпараттарды көруге мүмкіндік туды. Мұндай көрмелер оқушыларға Абайдың философиялық ойларын, адамгершілік мұраттарын және ұлттық құндылықтарды ұғындыруға бағытталған маңызды шаралар болып табылады.