13
март
2025
Лицей оқушылары гандболдан 1-орын иеленді
"Ұлттық мектеп лигасы" аясында гандболдан 9-11-сынып оқушылары арасында аудандық іріктеу жарысы өтті. Жарысқа ауданның ең мықты деген оқушылары қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарыс барысында лицейіміздің оқушылары 1-орынды иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз және де қалалық жарыста жүлделі орынмен қайтуына тілектеспіз.