Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
январь
2025

Шахматтан мектеп лигасы өтті

№178 мамандандырылған лицейде «Ұлттық мектеп лигасы» аясында «Ақбозат» шахматтан 9-11-сынып оқушылары арасында аудандық іріктеу жарысы өтті. Шахматта ойнау математикалық қабілетті, логикалық ой-өрісті, төзімділікті және ақыл-ой қызметінің дамуына, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Жарысқа ауданның үздік деген 11 командасы қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Нәтижесінде, №178 мамандандырылған лицей командасының ойыншылары: Нұрбақыт О. 10«Ж» сынып оқушысы, Мұхаметжанқызы М.
10«Ә» сынып, Балтаев М., Жұматай А. 9«Г» сынып оқушылары І орынды иеленіп, қалаға жолдама алды. Оқушыларымыз қалалық кезеңде топ жарып шығады деп сенеміз! Сәттілік!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: