11
март
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай кітап көрмесі өтті
Лицейде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған көрме өтті. Бұл көрме оның өмірі мен шығармашылығының тереңдігін, ұлттық мәдениет пен әдебиетке қосқан үлесін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Көрмеде Абайдың шығармаларын, оның жеке мұраларын, портреттерін және заманы туралы ақпараттарды көруге мүмкіндік туды. Мұндай көрмелер оқушыларға Абайдың философиялық ойларын, адамгершілік мұраттарын және ұлттық құндылықтарды ұғындыруға бағытталған маңызды шаралар болып табылады.