Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Футболдан лицейішілік жарыс өтті
14
март
2025
Футболдан лицейішілік жарыс өтті
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай лицей оқушылары арасында футболдан лицейішілік жарысты дене шынықтыру пәні мұғалімдері өткізді.
"Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
14
март
2025
"Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында дөңгелек үстел болып
№178 мамандандырылған лицейде 8-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен Ұлттық құндылықтарға негізделген "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында Даналық мектебінің жоспарына сәйкес "Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараның мақсаты: Әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, қарттарымыздың өнегелі өмірі мен асыл тәрбиесін үлгі ету.
«Көктем мезгілінде қалай дұрыс тамақтану керек» тақырыбында сынып сағаты өтті
14
март
2025
«Көктем мезгілінде қалай дұрыс тамақтану керек» тақырыбында сынып
№ 178 мамандандырылған лицейде «Көктем мезгілінде қалай дұрыс тамақтану керек» тақырыбында 10 «Ә» сыныбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға көктем мезгілінде қалай дұрыс тамақтану керегін үйрету. Көктемде табиғат қана емес, адам ағзасы да тазара бастайды. Ағзада жасушалар жаңарады. Сондықтан адам әлсіреп, иммунитеті төмендеп, дәрумендерді қажет етеді. Қыстағы тойымды рационды көктемде қандай құнарлы асқа ауыстыру керек? Көкөніс, жеміс-жидектерді көп пайдаланып, сорпа ішу керек. Ал майды
"Шаңырақ" күні
14
март
2025
"Шаңырақ" күні
Наурызнама онкүндігінің "Шаңырақ" күніне қатысты 8 "Д" сынып оқушысы Куракбаев Ерасылдың пікірі: "Шаңырақ күні – отбасы құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күнде ата-аналар мен балалар бір-біріне құрмет көрсетіп, отбасының берекесі мен бірлігін нығайтады. Шаңырақ – тек үй емес, ұрпақтар сабақтастығының символы. Осы мерекеде әр отбасы татулық пен сүйіспеншіліктің маңызын сезінеді. Баршаға берекелі, бақытты шаңырақ тілейміз!
"Шаңырақ" күні
14
март
2025
"Шаңырақ" күні
Шаңырақ күні - отбасылық құндылықтарға арналған, бірліктің, махаббат пен сыйластықтың мерекесі. Отбасы біздің ең үлкен байлығымыз. Отбасымен бірге уақыт өткізу, бір дастархан басында әңгімелесу, ұлттық дәстүрлерді сақтау нағыз бақыт деген осы. Бүгін отбасына ерекше көңіл бөле білген 9 «В» сынып оқушысы Ержан Диярдың өз отбасына алғыс айтып, олармен өткізген бір күні. Отбасы - өміріміздегі ең қымбат қазына. Жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып,
14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі
14
март
2025
14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі
14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе-реніш ұмытылып, кешіріледі. Амал күні қазағым көріседі, Көрісу, бұл көненің желісі еді. Жасың құтты болсын деп жамырасып, Ақ ниетпен адал бол деліседі деген ұстаныммен лицей мұғалімдері мен оқушылары күнді әдемі көрісумен бастады. Амал мерекесі құтты болсын! Жылдан жылға аман-есен жетейік!
Қола медаль құтты болсын!
14
март
2025
Қола медаль құтты болсын!
Астана қаласында өткен ХV Халықаралық Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалары конкурсында лицейіміздің 11-сынып оқушылары Амитбек Айбын мен Рыскелді Аяжан экономиканың күрделі әлемінде өздерінің шеберліктерін танытып, нәтижесінде ҚОЛА МЕДАЛЬ жеңіп алды. Ғылыми жетекшісі: Шадиев К.Х. Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алда тек жаңа жеңістер мен шығармашылық жетістіктер күтіп тұр!