14
март
2025
"Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
№178 мамандандырылған лицейде 8-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен Ұлттық құндылықтарға негізделген "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында Даналық мектебінің жоспарына сәйкес "Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараның мақсаты: Әжелердің ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, қарттарымыздың өнегелі өмірі мен асыл тәрбиесін үлгі ету.