14
март
2025
"Шаңырақ" күні
Наурызнама онкүндігінің "Шаңырақ" күніне қатысты 8 "Д" сынып оқушысы Куракбаев Ерасылдың пікірі: "Шаңырақ күні – отбасы құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күнде ата-аналар мен балалар бір-біріне құрмет көрсетіп, отбасының берекесі мен бірлігін нығайтады. Шаңырақ – тек үй емес, ұрпақтар сабақтастығының символы. Осы мерекеде әр отбасы татулық пен сүйіспеншіліктің маңызын сезінеді. Баршаға берекелі, бақытты шаңырақ тілейміз!