14
март
2025
14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі
14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе-реніш ұмытылып, кешіріледі.
Амал күні қазағым көріседі,
Көрісу, бұл көненің желісі еді.
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі деген ұстаныммен лицей мұғалімдері мен оқушылары күнді әдемі көрісумен бастады.
Амал мерекесі құтты болсын! Жылдан жылға аман-есен жетейік!