Оқушыларға » Страница 7 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Оқушылар сарайы" МКҚК  ұйымдастыруымен "Медеу -2023" марафоны өткізілді.
03
ноябрь
2023
"Оқушылар сарайы" МКҚК ұйымдастыруымен "Медеу -2023" марафоны
Туристік-өлкетану қызметін жандандыра отырып, балалар мен жасөспірімдердің патриоттық және азаматтық сезімдерін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2023 жылдың 3 қарашасында Алматы қаласы Білім басқармасы "Оқушылар сарайы" МКҚК  ұйымдастыруымен "Медеу -2023" марафоны өткізілді. Қалалық деңгейде өткен бұл туристік марафоннан лицей оқушылары да қалыс қалған жоқ. Сондай-ақ, лицей шәкірттері қатарына ағымдағы жылы ғана қосылса да, үздіктер қатарынан көрінген 7-сынып оқушылары
Ақтөбе қаласында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті.
01
ноябрь
2023
Ақтөбе қаласында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты
     2023 жылдың 29 қазаны мен 1 қарашасы аралығында Ақтөбе қаласында жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті. Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша №178 мамандандырылған лицейіміздің 10 "Г" сынып оқушысы Байжұма Айзере «Шағын Отанымның символы» номинациясы бойынша 🥉орынға ие болды. 🏆 Дарынды оқушымыздың жеткен жетістіктігімен құттықтаймыз  
9 "Ж" сынып оқушысы Қали Дария “Ұшқын” балалар мен жасөспірімдер республикалық байқауында “Аспаптық орындаушылық“ номинациясы бойынша 3- орын алып,дипломмен марапатталды.
30
октябрь
2023
9 "Ж" сынып оқушысы Қали Дария “Ұшқын” балалар мен жасөспірімдер
     №178 мамандандырылған лицейдің 9 "Ж" сынып оқушысы Қали Дария “Ұшқын” балалар мен жасөспірімдер республикалық байқауында “Аспаптық орындаушылық“ номинациясы бойынша 🥉 орын алып,дипломмен марапатталды.
7-8 сынып қыздарының арасында "Күз ханшайымы-2023" байқауы өтті
27
октябрь
2023
7-8 сынып қыздарының арасында "Күз ханшайымы-2023" байқауы өтті
     27 қазанда 7-8 сынып қыздарының арасында "Күз ханшайымы-2023" байқауы өтті. Сайысқа 16 қыз қатысып, өнерлерін көрсетті. "Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас биікке ұшпай" - демекші, қыздарымыз көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өнерлерімен тамсандырды.  Қазылар алқасының шешімімен 7-сынып оқушылары арасында Мауленова Айлин Бас жүлдені, Үкіметхан Айғаным I орынды, Дүйсен Жібек  II орынды, Русланқызы Айзере III орынды иеленсе, 8-сынып оқушылары арасында Бас жүлдені Бекен
Лицей оқушылары қалалық «Алтын күз - 2023» туристік жарысының жеңімпазы атанды
21
октябрь
2023
Лицей оқушылары қалалық «Алтын күз - 2023» туристік жарысының
     2023 жылғы 21 қазанда туристік және өлкетану қызметін жандандыру арқылы балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мен туристік дағдыларды қалыптастыру, мейірімді және мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу мақсатында Алматы қаласы оқушыларының қатысуымен «Алтын күз - 2023» қалалық туристік жарысы өтті. Бірнеше кезеңді сайыста лицей командасы топ жарып, жеңімпаз атанды. Бұл жеңіс лицей абыройын жалау еткен оқушыларымыздың еңбегінің жемісі.
25 қазан - Республика күніне орай 9-сынып оқушылары арасында қол күрестен жасрыс өткізілді
20
октябрь
2023
25 қазан - Республика күніне орай 9-сынып оқушылары арасында қол
25 қазан - Республика күніне орай 20 қазанда №178 мамандандырылған лицейде «ЖасStar» өзін-өзі басқару ұйымы Спорт клубының ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында қолкүрестен жарыс өткізілді. Білекті оқушылар қатарынан табылған Ешмұхамет Қанатбек 1-орынды, Қуанышбек Ильяс пен Сәбит Нұрым 2-орынды, Аманбай Нұрасыл, Жұмабек Қажыкелді мен Азимхан Елжас 3-орынды еншіледі. Ел тірегі болар азаматтарымыз көп болсын! Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
Республика күніне орай "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе байқауы өткізілді
20
октябрь
2023
Республика күніне орай "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе
     25 қазан - Республика күніне орай №178 мамандандырылған лицейде "ЖасStar" өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 9-10 оқушылары арасында "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқау барысында, оқушылар өздерінің болашақта көргісі келетін Қазақстан жайлы өз ойларын пайымдап, ақ қағаз бетіне түсірді. Нәтижесінде: 1-орынды 9"Ә" сынып оқушысы Жұманазар Айиша, 2-орынды 9"Ә" сынып оқушысы Доғдырбай Айару, 3-орынды 9"Ә" сынып оқушысы Алибекұлы Абзал жеңіп алды.
8 "Ж" сынып оқушысы Абылай Бейбарыс халықаралық аспапта ойнау байқауында Бас жүлде иеленді
20
октябрь
2023
8 "Ж" сынып оқушысы Абылай Бейбарыс халықаралық аспапта ойнау
№178 мамандандырылған лицейдің 8 "Ж" сынып оқушысы Абылай Бейбарыс Шымкент қаласында "Zhuldyz art Kazakhstan" ұйымдастыруымен өткізілген халықаралық аспапта ойнау байқауынан Гран-при иеленді. Құттықтаймыз! 
Эстетикалық пәндер кафедрасының онкүндігіне орай 9-11 сыныптар арасында жеңіл атлетикадан "Гаухартас ллгасы" өткізілді
19
октябрь
2023
Эстетикалық пәндер кафедрасының онкүндігіне орай 9-11 сыныптар
     Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық кафедрасының онкүндігіне орай 9-11 сыныптар арасында жеңіл атлетикадан "Гаухартас лигасы" аясында бір орыннан ұзындыққа секіру, 100 м жүгіру, эстафеталық жарыс және кросстан жарыстар өтті. Жарыстың басты мақсаты - қатысушылардың шеберлігін шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттау. Жарыс өте тартысты, қызықты өтті. Жарысқа қатысушылар бақтарын сынап, керемет өнер көрсетті. Жарыс соңында жеңімпаздар анықталып, медальдар және
Эстетикалық пәндер кафедрасының онкүндігіне орай волейболдан 9-11 сынып ұлдар арасында лицейішілік біріншілік өтті
19
октябрь
2023
Эстетикалық пәндер кафедрасының онкүндігіне орай волейболдан 9-11
     Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық кафедрасының онкүндігіне орай 17 қазан  күні волейболдан 9-11 сынып ұлдар арасында лицейішілік біріншілік өтті. Жарыстың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, рухани жігерлілікке, адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу; Жарыс қызықты әрі тартысты болды. Нәтижесінде:  1-орынды 11 сынып құрамасы; 2-орынды 9 сынып құрамасы; 3-орынды 10 сынып құрамасы жеңіп алды.  Сонымен қатар, үздік ойын көрсеткен оқушылар анықталып,