Оқушыларға » Страница 11 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Үздіктер шеруі-2023» өтті.
31
май
2023
«Үздіктер шеруі-2023» өтті.
Бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Дарынды оқушыларды қолдау мақсатында лицейімізде жүйелі де маңызды жұмыстар атқарылады. Соның бірі - жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үздіктер шеруі» мерекесі. Мереке мақсаты - лицей абыройын Халықаралық, республикалық, қалалық деңгейде асқақтатып жүрген білімді де дарынды, өнерлі де талантты шәкірттерімізді мақтан
МҚКК "Оқушылар сарайының" ұйымдастыруымен өткен "Мен соғыс туралы көп естідім" әскери патриоттық әндер байқауында   лицейімйздің  6 "Ә" сынып оқушылары Мұхитжанқызы Райхан мен Қалдарбек Айкөркем жүлделі 2-орынды иеленді
16
май
2023
МҚКК "Оқушылар сарайының" ұйымдастыруымен өткен "Мен соғыс туралы көп
МҚКК "Оқушылар сарайының" ұйымдастыруымен өткен "Мен соғыс туралы көп естідім" әскери патриоттық әндер байқауында №178 мамандандырылған лицейдің 6 "Ә" сынып оқушылары Мұхитжанқызы Райхан мен Қалдарбек Айкөркем жүлделі 2-орынды иеленді. Өнерлі оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!
"Алматы BALAFEST"фестивалі аясында "Кітап-білім бұлағы" байқауының аудандық кезеңі өткізілді
25
апрель
2023
"Алматы BALAFEST"фестивалі аясында "Кітап-білім бұлағы" байқауының
Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 25 сәуір күні "Алматы BALAFEST"фестивалі аясында "Кітап-білім бұлағы" байқауының аудандық кезеңі болып өтті. Байқау қорытындысы бойынша 9 "Ж" сынып оқушысы Төкен Ақжол 1-орынды, 7 "Ғ" сынып оқушысы Манатқызы Айсара жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Дарынды оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
«Жұлдызды сәт» музыкалық байқауы, «Хореография өнері» номинациясының  аудандық кезеңі
24
апрель
2023
«Жұлдызды сәт» музыкалық байқауы, «Хореография өнері» номинациясының
     Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 24 сәуір күні «Алматы БАЛАFEST» фестивалі аясында Алатау ауданы мектеп оқушылары арасында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Жұлдызды сәт» музыкалық байқауы, «Хореография өнері» номинациясы өткізілді. Хореография сайысы бойынша лицей оқушылары Бекен Айым Бас жүлдеге, ал Ақылбекова Айым жүлделі 1-орынға ие болды. Өнерлі шәкірттерімізді жүлделі жетістіктерімен құттықтаймыз!
АҚШ-ғы робототехникадан дүниежүзілік «FIRST CHAMPIONSHIP – 2023» чемпионаты
23
апрель
2023
АҚШ-ғы робототехникадан дүниежүзілік «FIRST CHAMPIONSHIP – 2023»
     АҚШ-ғы робототехникадан дүниежүзілік «FIRST CHAMPIONSHIP – 2023» чемпионаты Хьюстон қаласында 2023 жылы 19-22 сәуір аралығында өтті. Әлемнің 110 елінен келген 36 000 бала қатысты. Чемпионатта ел намысын 50-ге жуық қазақстандық оқушылар қорғады.  Play 4 Energy командасы 10-16 жас аралығындағы орта жас санатында күрделі тапсырмаларды орындай алатын төзімділігі жоғары және тиімді робот жасап, тамаша бағдарламалау және инженерлік дағдыларды көрсете білді.       №178 мамандандырылған лицейден 9
«Жат қылықтарсыз да өмір сүре білейік» қалалық ғылыми жобалар конкурсы
10
апрель
2023
«Жат қылықтарсыз да өмір сүре білейік» қалалық ғылыми жобалар конкурсы
 №178 мамандандырылған лицейдің дарынды оқушылары Доғдырбай А., Жұманазар А., Файзрахман Р. «Жат қылықтарсыз да өмір сүре білейік»  тақырыбында қалалық ғылыми жобалар конкурсына қатысты. Конкурс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет ғимаратында өтті. Жалпы 18 команда қатысып, шәкірттеріміз 🥈 ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: Баймуратов Алибек Кыдырхожаевич. Дарынды жас ғалымдарымыздың жеткен жетістіктерімен шын жүректен құттықтап, болашақта ғылым саласында
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық зерттеу жобалар конкурсының қорытынды кезеңі
07
апрель
2023
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған
🔰 Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық зерттеу жобалар конкурсының қорытынды кезеңі ағымдағы жылдың 3-7 сәуір аралығында өткізілді. ✔️ Конкурста еліміздің барлық өңірлерінен 900-ден астам оқушы 19 секция бойынша 718 жобамен бақ сынады. Білім мен ғылымды ұштастыра білген дарынды оқушыларымыз: 🔸 Беделханов Олжас пен Өмен Меруерт «Қоршаған ортаның әсерінен болатын ауруларға қарсы тaржaпырaқты  күреңoт дәрілік өcімдік шикізaтынaн алынған экcтрaкт
2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математика бағытының қорытынды кезеңі
25
март
2023
2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша
2023 жылдың 20-25 наурыз аралығында Шымкент қаласында өткен 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті.   №178 мамандандырылған лицейден 2 оқушы қатысып, 2 шәкіртіміз жүлделі орындарды жеңіп алды. Физика пәні бойынша: 🥈 ІІ дәрежелі дипломмен Турлубек Елжас (11 сынып). Математика пәні бойынша:  🥉ІІІ дәрежелі дипломмен Қайса Нуридин (10 сынып). Республика деңгейінде №178 мамандандырылған лицейдің көк байрағын көкке шығарған
XVIII Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңі
18
март
2023
XVIII Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық
2023 жылдың 16-18 наурыз аралығында Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2-7 сынып оқушыларына арналған XVIII Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. №178 мамандандырылған лицейдің 6 сынып оқушылары Қайрат Нариман, Марат Інжу қатысып ІІ орын иегерлері атанды. Жас зерттеушілерімізді бағындырған белестерімен құттықтаймыз!             
Алматы қаласының мамандандырылған лицейлер арасында «Математикалық футбол» олимпиадалық ойыны өтті.
13
март
2023
Алматы қаласының мамандандырылған лицейлер арасында «Математикалық
2023 жылдың 11 наурыз күні «KEMEL» физика-математика бағытындағы мектептің ұйымдастыруымен Алматы қаласының мамандандырылған лицейлер арасында «Математикалық футбол» олимпиадалық ойын ұйымдастырылды. Жалпы ойынға лицейімізден 15 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша командалар келесідей нәтижелерді көрсетті: ІІ орын – 6 сыныптар; ІІІ орын – 7-8 сыныптар; ІІІ орын – 9-10 сыныптар ие болды. Лицейіміздің намысын қорғаған оқушыларды жүлделі орын алғандарымен шын жүректен құттықтаймыз!