Оқушыларға » Страница 14 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алматы қаласы «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында қалалық слёттің жеңімпазы атандық.
14
ноябрь
2022
Алматы қаласы «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында қалалық
Алматы қаласы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Білім беру мекемелерінің «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында өткен қалалық слётқа қатысып, 1 дәрежелі дипломмен лицейіміздің президенті Есхат Бағжан марапатталды.
Лицейімізде волейболдан 10 сыныптар арасында жарыс өтті.
21
октябрь
2022
Лицейімізде волейболдан 10 сыныптар арасында жарыс өтті.
     🏐 Қазақстан Республикасы күніне орай №178 мамандандырылған лицейде волейболдан 10 сыныптар арасында жарыс өтті. Спорттық жарыс өте қызықты, әрі тартысты болды. Жарыстың қорытындысы бойынша, 🥇 І орын - 10 "Г" сынып, 🥈 II орын - 10 "Ғ" сынып, 🥉 ІІІ орын - 10 "А" сынып оқушылары қанжығасына байлады. Жеңістерің құтты болсын!!!
№178 мамандандырылған лицейде Баскетболдан 9-11 сыныптар арасында жарыс өтті.
21
октябрь
2022
№178 мамандандырылған лицейде Баскетболдан 9-11 сыныптар арасында
    🏀 25 қазан - Республика күніне орай  Алматы қаласы Алатау ауданы  №178 мамандандырылған лицейде Баскетболдан 9-11 сыныптар арасында  жарыс өтті. Жарыс өте қызықты және тартысты болды. Жарыстың қорытындысы бойынша 🥇l орынды - "Қыран" командасы, 🥈ll орынды - "Тұмар" командасы, 🥉lll орынды - "Тұран" командасы иеленді. Жеңістерің құтты болсын!!!
"Дұрыс тамақтану" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
18
октябрь
2022
"Дұрыс тамақтану" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
     2022 жылдың 18 қазан күні №178 мамандандырылған лицейде 6 және 10 сынып оқушыларымен "Дұрыс тамақтану" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларға "Дұрыс тамақтану" ұғымын түсіндіру, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету, салауатты өмір салтын насихаттау.
Лицей оқушысы «Менің шағын Отаным» атты қалалық интеллектуалдық конкурсының жүлдегері атанды.
17
октябрь
2022
Лицей оқушысы «Менің шағын Отаным» атты қалалық интеллектуалдық
    ⚜️ 14.10.2022ж. «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты V республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңі өтті. ✅№178 мамандандырылған лицейдің атынан 9 сынып оқушысы Серікқызы Жанар «Менің кішкентай Отанымның тарихы» видеорепортаж номинациясынан білім додасына түсіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 🎊 Елі мен жерінің тарихын жетік меңгерген жас өркенімізді жеткен
Президенттік олимпиадада республикаға жолдама алған жас дарын!
14
октябрь
2022
Президенттік олимпиадада республикаға жолдама алған жас дарын!
   ⚜️2022-2023 оқу жылында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өз мәресіне жетіп, қорытындысы жарияланды.  🎊Нәтиже бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Дубек Нұржайна  І орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды.  Жалынды, талантты оқушымыздың жеткен жетістігі құтты болсын!
Белсенді оқушымыз Амитбек Айбын аудан бойынша ҮЗДІКТЕР шеруінде
28
июнь
2022
Белсенді оқушымыз Амитбек Айбын аудан бойынша ҮЗДІКТЕР шеруінде
    Белсенді әрі үздік бол, қоғамға үлесіңді қос, содан кейін өзіңе берілген мүмкіндікті пайдаланып, уақытыңды тиімді өткіз. Дәл осындай үрдіспен жүретін "Ел жастары" клубының белсенді оқушысы Амитбек Айбын қазіргі таңда "Өрнек" жазғы демалыс лагеріне жолдама алып, "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздіктер шеруіне лицейіміздің атынан қатысып, демалыс уақытын тиімді өткізуде. Жыл бойы лицейдің қоғамдық жұмыстарына өз үлесін қосып, білімде де, қоғамдық жұмыстарда да үздіктер