7-8 сынып қыздарының арасында "Күз ханшайымы-2023" байқауы өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7-8 сынып қыздарының арасында "Күз ханшайымы-2023" байқауы өтті
27
октябрь
2023

7-8 сынып қыздарының арасында "Күз ханшайымы-2023" байқауы өтті

     27 қазанда 7-8 сынып қыздарының арасында "Күз ханшайымы-2023" байқауы өтті. Сайысқа 16 қыз қатысып, өнерлерін көрсетті. "Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас биікке ұшпай" - демекші, қыздарымыз көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өнерлерімен тамсандырды. 
Қазылар алқасының шешімімен 7-сынып оқушылары арасында Мауленова Айлин Бас жүлдені, Үкіметхан Айғаным I орынды, Дүйсен Жібек  II орынды, Русланқызы Айзере III орынды иеленсе, 8-сынып оқушылары арасында Бас жүлдені Бекен Сезім, I орынды Қуанышқызы Елдана, II орынды Тұрар Жанерке, III орынды Бақытқызы Шырын жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталып, гүл шоқтары табысталды.
     "Күз ханшайымы-2023" көптің көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтті. Мұндай іс-шаралар күздің әсемдігі мен жаз бойы тер төккен еңбекшілер қауымының еңбегін, еңбектің қадірін насихаттап қана қоймай, оқушылардың бойында патриоттық сезімдерді де қалыптастыратыны сөзсіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: