7-8 сынып оқушылары арасында «Өнер алауы» атты лицейішілік байқауы өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7-8 сынып оқушылары арасында «Өнер алауы» атты лицейішілік байқауы өтті.
26
май
2023

7-8 сынып оқушылары арасында «Өнер алауы» атты лицейішілік байқауы өтті.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №178 мамандандырылған лицейде 2023 жылғы 26 мамыр күні «Өнер алауы» атты лицейішілік байқауы өтті. Байқау лицейдің «ЖасStar» өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткізілді. Іс-шараның мақсаты балалар мен жастардың шығармашылығын әлемді эстетикалық және бейнелі танудың, жас ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің факторы ретінде қолдау болып табылады. Байқауға лицейдің 7-8 сынып оқушылары қатысты.
Қатысушы сыныптар актерлік шеберліктері, музыкалық сүйемелдеу, әсем бейнесі критерийлері бойынша бағаланды. Қатысушылардың өнеріне баға берумен өз ұсыныстарын білдірген қазылар алқасы төмендегідей шешім шығарды:
Бас жүлде – 7 «Б» сынып оқушылары;
🥇 орын – 7 «Ә» сынып оқушылары;
🥈 орын – 7 «В» сынып оқушылары;
🥉 орын – 8 «Б» сынып оқушылары.
Жеңімпаздарға кубок пен дипломдар табысталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: