Лицейішілік «Жұлдызды сәт» музыкалық байқауы өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейішілік «Жұлдызды сәт» музыкалық байқауы өткізілді.
11
апрель
2023

Лицейішілік «Жұлдызды сәт» музыкалық байқауы өткізілді.

«Алматы БалаFest» қалалық балалар фестивалі аясында 2023 жылғы сәуірдің 11 жұлдызында «ЖасStar» лицей парламентінің ұйымдастыруымен лицейішілік «Жұлдызды сәт» музыкалық байқауы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың кәсіби дайындығының сапалы деңгейі мен өнерге қызығушылықтарын арттыру, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу, көркем-эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, қоғамдағы музыкалық және хореографиялық мәдениет мәртебесін арттыру.
Дарынды лицей оқушылары «Вокалдық өнер», «Аспаптық музыка», «Хореография өнері» номинациялары бойынша өнер көрсетті. Нәтижесінде: - - «Вокалдық өнер» номинациясы бойынша 🥇орынды 7 «Ж» сынып оқушысы Төлеуғазы Ералы мен Әбдіманап Әлібек;
– «Аспаптық музыка» номинациясы бойынша 🏆Бас жүлдені 7 «А» сынып оқушысы Қуанышқызы Елдана (жетіген), 7 «Ж» сынып оқушысы Шабаз Әмір (домбыра), 🥇орынды 10 «А» сынып оқушысы Даутбек Тоғжан, 9 «Е» сынып оқушысы Ерқанат Шуақ, 🥈орынды 8 «Ж» сынып оқушысы Төлентай Ақбота және 🥉орынды 9 «Г» сынып оқушысы Рымбай Бексұлтан;
– «Хореография өнері» номинациясы бойынша лицей оқушы қыздарынан құралған би тобы 🥇орынды иеленіп, аудандық сайысқа жолдама алды. Жұлдызды оқушыларымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы сайысқа үлкен сәттілік тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: