«Өнерлі ұрпақ – кемел болашақ» тақырыбы бойынша лицейішілік шахматтан жарыс өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өнерлі ұрпақ – кемел болашақ» тақырыбы бойынша лицейішілік шахматтан жарыс өткізілді.
16
май
2023

«Өнерлі ұрпақ – кемел болашақ» тақырыбы бойынша лицейішілік шахматтан жарыс өткізілді.

Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық кафедрасының айлығы аясында «Өнерлі ұрпақ – кемел болашақ» тақырыбы бойынша лицейішілік 7-8, 9-11 сынып оқушылары арасында шахматтан жарыс өтті. Шараның негізгі мақсаты жасөспірімдердің шахматқа деген қызығушылығын оятып, оқушылар арасында спорттың шахмат түрін кеңінен насихаттау, жас ойыншылардың кәсіби шеберлігін арттыру, балалар арасында жаңа дарынды ойыншыларды анықтау, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамту. Шахматшылар жас ерекшеліктері бойынша сайысқа түсіп, өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс өте қызықты, тартысты өтті. Жарысқа қатысып, бақ сынап, жеңімпаз болған спортшыларды жеңістерімен құттықтап, мақтау қағаздарымен марапаттады. Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде 7-8 сынып оқушылары арасында: 🥇 орын Жуматай Азамат 7 «Ғ» сынып; 🥈орын Сейілбек Шерзатхан 7 «Е» сынып; 🥉 орынды Үшкемпіров Қажыкен 8 «Г» сынып оқушысы иеленді. Ал, 9-11 сынып оқушылары арасында: 🥇 орын Тойбол Диас 9 «Б» сынып; 🥈орын Разбеков Алишер 11 «Г» сынып; 🥉орынды Қадыр Сұлтан 11 «А» сынып оқушылары өз қанжығаларына байлады. Жеңімпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: