Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған 8-9 сынып оқушылары арасында лицейішілік «Өнерлі бала» қолөнер байқауы өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған 8-9 сынып оқушылары арасында лицейішілік «Өнерлі бала» қолөнер байқауы өтті.
14
апрель
2023

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған 8-9 сынып оқушылары арасында лицейішілік «Өнерлі бала» қолөнер байқауы өтті.

Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде 13.04.2023ж. «Алматы БАЛАFEST» фестивалі аясында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған 8-9 сынып оқушылары арасында лицейішілік «Өнерлі бала» қолөнер байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты: оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулу, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту, ұсақ бұйымдармен жұмыс жасау арқылы қолөнерді жетілдіру, осы саладағы көркемдік дәстүрлерді сақтау. Қолөнер байқауына 8-9 сыныптардың он саусағынан өнер тамған оқушылары қатысып, түрлі қолөнер бұйымдар дайындап, шеберліктерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша, 8 «Е» сынып оқушысы Нұрғазықызы Жұлдызай 🥇 орынға, 9 «Ә» сынып оқушысы Абдирахманова Әдемі 🥈 орынға, 8 «Е» Асқар Пейілнұр 🥉 орынға ие болды. Жетекшілері: Абыканова М.А.Н., Кадыров А., Умбеталиева М.Б.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: