Оқушыларға » Страница 3 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Тәуелсіздік үшін" фракциясы әкім кубогінің иегері атанды
26
февраль
2024
"Тәуелсіздік үшін" фракциясы әкім кубогінің иегері атанды
      Алматы қаласының 8-11 сынып оқушылары арасында Британдық Парламенттік формат бойынша өткен әкім кубогіне арналған "Almaty CUP I" қалалық пікірсайыс турнирінде N178 мамандандырылған лицей оқушыларынан құралған "Тәуелсіздік үшін" фракциясы жүлделі I орынды иеленіп, әкім кубогін алды. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні жетекшісі А.Б.Құрмансейтов Респуликалық турнир жүлдегер атанды
26
февраль
2024
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні жетекшісі
      Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшілері арасында пневматикалық винтовкадан ату және автоматты жартылай бөлшектеп жинаудан өткен республикалық турнир өтті. Турнирге лицейіміздің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің жетекшісі Құрмансейітов Бауыржан Абайұлы қатысып, 50-59 жас аралығында "Винтовка ату" спорт түрі бойынша III орынды иеленді. Құттықтаймыз!
7-сынып оқушысы Бақыт Айерке М.Мақатаев оқуларының жүлдегері
19
февраль
2024
7-сынып оқушысы Бақыт Айерке М.Мақатаев оқуларының жүлдегері
      Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық М.Мақатаев оқуларының аудандық кезеңі өтті. Байқауға "Жыр эстафетасы" номинациясы (поэмаларды жатқа оқу) бойынша 7 "Б" сынып оқушысы Бақыт Айерке қатысып, жүлделі III орынды иеленді. Жарайсың! Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Советбек А.Б.
Лицейдің қыздар волейбол командасы қалалық турнирде жеңіске жетті
16
февраль
2024
Лицейдің қыздар волейбол командасы қалалық турнирде жеңіске жетті
      Алматы қаласы Бостандық ауданы "Туран" университетінің колледжінде волейболдан 9-сынып оқушыларының қыздар арасында қалалық турнир өткізілді.        Турнирге жалпы 12 команда қатысты. Турнир барысында ала допты алақанда ойнатқан ойыншылар жеңіс кубогын сарапқа салды. Турнирге қатысушылар бақтарын сынап, керемет өнер көрсетті. Жарыс тартысты, әрі қызықты өтті. Нәтижесінде турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып, мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.       
7-8 сынып оқушыларынан құралған шахмат құрамасы жеңісті ойын көрсетті
15
февраль
2024
7-8 сынып оқушыларынан құралған шахмат құрамасы жеңісті ойын көрсетті
      Алматы қаласы Наурызбай ауданы "Самай" мектебінде "Ұлттық мектеп лигасы" аясында шахматтан 7-8 сынып оқушылары арасында  қалалық іріктеу жарысы өтті. Жарысқа әр ауданнан  ең мықты шахматшылар қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарыс барысында логикалық ойлау қабілеттері мен зейіні зерек оқушылар жақсы ойын көрсетті. Жарыстың нәтижесі бойынша, №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары жүлделі 2-орынды иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!! #ұлттықмектеплигасы  #шахмат #chess
«Ақбозат» атты шахмат жарысында лицей шахмат құрамасы жүлдегер атанды
15
февраль
2024
«Ақбозат» атты шахмат жарысында лицей шахмат құрамасы жүлдегер атанды
      Алматы қаласы Наурызбай ауданы «Самай» Алматы математика-лингвистикалық мектебінде «Ұлттық мектеп» лигасының «Ақбозат» атты шахматтан 9-11 сынып оқушыларының арасында қалалық іріктеу жарысы өтті. Шахматшылар жас ерекшеліктері бойынша сайысқа түсіп, өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс өте қызықты, тартысты өтті.  Жарысқа қатысып, бақ сынап, жеңімпаз болған спортшыларды жеңістерімен құттықтап, мақтау қағаздарымен, кубоктармен марапаттады. Нәтижесінде, №178 мамандандырылған лицей командасы
«Ұлттық ойын әлемінде» атты ұлттық спорттық сайыс өтті
07
февраль
2024
«Ұлттық ойын әлемінде» атты ұлттық спорттық сайыс өтті
      Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде 7-сынып оқушылары арасында «Ұлттық ойын әлемінде» атты ұлттық спорттық сайыс өтті. Сайыс мақсаты: ұлттық ойындарды дене шынықтыру іс-әрекеттерінде кең қолдана отырып, оқушылардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру; Өз елін, өз жерін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі оқушыларды тәрбиелеу. Сайысқа қатысушылар бес кезең бойынша сайысқа түсті. Сайыс нәтижесінде: I орынды "Жас
Әсем табиғатта өткен көңілді уақыт
05
февраль
2024
Әсем табиғатта өткен көңілді уақыт
     Демалыс күндерін таза ауада пайдалы өткізу мақсатында лицейіміздің 7 "А", "Г", "Д", 8 "А", "Е", "Ж" сынып оқушылары Медеу мұз айдынына барды. Оқушылар көңілді уақыт өткізіп, таудың таза ауасын жұтып, әсем табиғатта демалып қайтты. 
"ZOK juniors" командасы "Индустрия X: болашақтың цифрлық эволюциясы" атты Vl халықаралық цифрлық форумға қатысты
03
февраль
2024
"ZOK juniors" командасы "Индустрия X: болашақтың цифрлық эволюциясы"
     2024 жылдың 1-3 ақпан күндері аралығында өткен "Индустрия X: болашақтың цифрлық эволюциясы" атты Vl халықаралық цифрлық форумында №178 мамандандырылған лицей оқушыларынан құралған "ZOK juniors" командасы робототехника саласында өз өнерлерін көрсетіп, 2-орын мен 150.000 теңге жүлдегері атанды. 
Үздік өнер көрсеткен үшін 8 "Ж" сынып оқушысы Төлеуғазы Ералы дипломмен марапатталды
29
январь
2024
Үздік өнер көрсеткен үшін 8 "Ж" сынып оқушысы Төлеуғазы Ералы
     "IQ STAR 2024" VIII Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында өткен өнер байқауында "Вокал" номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткен үшін 8 "Ж" сынып оқушысы Төлеуғазы Ералы дипломмен марапатталды.