Оқушылар жетістіктері » Страница 24 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Нұрлы Отанымыз - тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында көркемсөз оку байкауы
13
декабрь
2020
"Нұрлы Отанымыз - тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында көркемсөз оку
Оқушылардың туған  еліне,  Отанына  деген  сүйіспеншілігін арттыру мақсатында №178 лицейде "Нұрлы Отанымыз - тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында көркемсөз оку байкауы өтті. Байқау нәтижесінде І орынды 7 "А" сынып оқушысы Берікқызы Нұрғазиза мен 5 «А» сынып оқушысы Абылай Бейбарыс, ІІ орынды 6 «В» сынып оқушысы Қуандық Ғазиза, ІІІ орынды 7 «А» сынып оқушысы Әбдікерім Балжан, 6 «Е» сынып оқушысы Ақүрпек Назерке иеленді. [media=https://youtu.be/EcqN6Th1VNo] [media=https://youtu.be/lveXHJS9YQI]
"Әнім сенсің - Туған жер" тақырыбында онлайн патриоттық әндер байқауы
12
декабрь
2020
"Әнім сенсің - Туған жер" тақырыбында онлайн патриоттық әндер байқауы
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай №178 лицейде "Әнім сенсің - Туған жер" тақырыбында онлайн патриоттық әндер байқауы өтті. Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Қазақстан күннен –
"Талантты оқушылар" айдары
12
декабрь
2020
"Талантты оқушылар" айдары
Лицейіміздің әлеуметтік желілерінде жарияланып тұратын "Талантты оқушылар" айдарында Бекен Айым.   Оқушымыздың жетістіктері:  Халықаралық "Ғұмырдария" байқауында І және ІІІ дәрежелі диплом иегері Халықаралық "Ақ көгершін" байқауының І дәрежелі диплом Республикалық "Біз бақытты  баламыз" байқауынан І дәрежелі диплом Республикалық "Тәуелсіздік тұғырым" байқауының Бас жүлде иегері Халықаралық "Танцующий барс" байқауының Бас жүлде иегері Халықаралық "Бейбітшілік әлемі" байқауының Бас жүлде иегері
Онлайн олимпиадалар
12
декабрь
2020
Онлайн олимпиадалар
№178 лицей оқушылары онлайн олимпиада жеңімпаздары атанды.  
«Алтын сақа» олимпиадасы
12
декабрь
2020
«Алтын сақа» олимпиадасы
Алматы қаласы «Зерделі ақыл – ой дамыту орталығы» және № 178 лицейінің ұйымдастыруымен өткен 5-6 сынып оқушылары арасында ағымдағы жылдың 1  желтоқсанында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасы өтті. Олимпиаданың өткізілу мақсаты: 5-6 сынып оқушыларының білімге деген көзқарастарын қалыптастыру, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын, тіл шешендігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу. Олимпиада қорытындысы бойынша, 6 сыныптан - 11 оқушы, 5 сыныптан - 24 оқушы жүлделі
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
10
декабрь
2020
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 3–8.12.2020ж. жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ қалалық іріктеу кезеңін Online жүйесінде өткізді. Конкурстың негізгі мақсаттары: - оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру; - ойлау қабілетін дамыту; - ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету; - Қазақстан Республикасының зияткерлік  әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
"Ең үздік топ басшысы" байқауы
08
декабрь
2020
"Ең үздік топ басшысы" байқауы
Лицейімізде санитарлық талаптарды сақтай отырып, 9 сынып оқушылары арасында "Ең үздік топ басшысы" байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: топ басшыларының көшбасшы ретінде өздерін дәлелдеу, сыныпты ұйымшылдыққа, татулыққа баулып, сынып жетістіктері мен тәртібін қадағалау. Нәтижесінде 9 "Б" сыныбының топ басшысы Мейірім Милана "Ең үздік топ басшысы" атағын жеңіп алып,  Бас жүлде иегері атанды. І орын  - Мұстафа Ажар (9 "А" сынып); ІІ орын - Болат Тамирлан (9 "Ж" сынып); ІІ орын - Жаманбай
"Қолөнер шебері" атты Республикалық байқау
08
декабрь
2020
"Қолөнер шебері" атты Республикалық байқау
Қазақстан Республикасының "BILIMBULAQ.KZ" қосымша білім және дамыту порталы оқу саласында балаларға жаңа бағыт беру мақсатында ұйымдастырылған "Қолөнер шебері" атты Республикалық байқауда топ жарған №178 лицей оқушылары  марапатталды. Жетекшісі: Абыканова Манар
І Республикалық "Абай әлемі және рухани мұрасы" қашықтық олимпиадасы
08
декабрь
2020
І Республикалық "Абай әлемі және рухани мұрасы" қашықтық олимпиадасы
Ұлы Абай мұрасын игеру үнемі ізденісті, ойлануды талап етеді. Қайталап оқыған сайын білімің толыға түседі. Сол себепті, оқушыларымды осындай олимпиадаларға қатыстыра отырып, Абай әлемін тануға жетелеуді  мұғалімдік міндетім деп түсінемін. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ауелбекова Айман
Қалалық онлайн пікірсайыс турнирі
07
декабрь
2020
Қалалық онлайн пікірсайыс турнирі
Құрметті 178 лицей ұжымы!     Қалалық онлайн пікірсайыс турнирінде белсенділік көрсеткен оқушыларға алғысымызды білдіріп, жүлделі орын алған оқушыларыңызды шын жүректен құттықтай отыра төмендегі сертификаттарды табыстаймыз!  3- орын иегері атанған "Avenue" тобына 100 000тг көлемінде дайындық курстарына сертификат берілді. Әр оқушыға ағылшын тілі курстарына 5000 теңгелік сертификат берілді. Құрметпен,  "Alpha Academy"  Білім Академиясы