Республикалық ғылыми жобалар конкурсы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
10
декабрь
2020

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 3–8.12.2020ж. жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ қалалық іріктеу кезеңін Online жүйесінде өткізді. Конкурстың негізгі мақсаттары:
- оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;
- ойлау қабілетін дамыту;
- ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;
- Қазақстан Республикасының зияткерлік  әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.
Алматы қаласы бойынша ғылыми жобалар конкурсына №178 лицейден 30 жоба 49 оқушы қатысып, 18 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олар: 
«Техника» секцияы бойынша: 
1. Миракбаров Райымбек. Жетекшісі: Рахатов Дастан;
2. Муратқызы Еркежан, Ахмадиева Диана. Жетекшілері: Рахатов Дастан, Шажабаева Күлжан;
3. Тұрсынғажы Ақжігіт, Қожан Елжан. Жетекшілері: Тастанова Жанат, Шадиев Кайратбек;
«Жер және Космос туралы ғылымдар» секциясы бойынша:
4. Дәулет Айбек, Еркін Ернат. Жетекшісі: Слямгалиева Гульнар;
«Адам және Қоғам» секциясы бойынша:
5. Халыков Сағи, Болат Тамирлан. Жетекшісі: Хамза Айнұр;
«Математика» секциясы бойынша:
6. Иса Фараби, Кусайынов Бексултан. Жетекшілері: Сағиолданов Талант,Смағұлова Гүлнара; 
«Биология» секциясы бойынша:
7. Абдулмалик Махаббат, Рапилбек Нұрдана. Жетекшілері: Бастерова Балхия, Джумабаева Гульнар;
«Қоршаған ортаны қорғау» секциясы бойынша:
8. Смаханова Жасмин, Мусатай Адэля. Жетекшісі:  Шадиев Кайратбек;
«Экономика» секциясы бойынша:
9. Аблайханұлы Дәулет, Нуркабылова Айсулу. Жетекшілері: Шадиев Кайратбек, Абдраимов Айдын; 
«Тарих» секциясы бойынша:
10. Нұрмұханбет Маржан. Жетекшісі: Даулетбаева Гулнафис. 
Барлық жеңімпаздарды және Жоба жетекшілерін, сонымен қатар қатысушыларды Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ІІ қалалық іріктеу кезеңінің өз мәресіне жетуімен құттықтаймыз! 
Ендігі кезең: жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалардың республикалық конкурсы өтетін пәндер тізіміне сәйкес сыныбына, оқыту тіліне қарай бейіндік пәнді тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеу. Осы сынақтан сүрінбей өтулеріңізге тілектеспіз! 
Тек қана алға!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: