«Алтын сақа» олимпиадасы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
декабрь
2020

«Алтын сақа» олимпиадасы

Алматы қаласы «Зерделі ақыл – ой дамыту орталығы» және № 178 лицейінің ұйымдастыруымен өткен 5-6 сынып оқушылары арасында ағымдағы жылдың 1  желтоқсанында математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасы өтті. Олимпиаданың өткізілу мақсаты: 5-6 сынып оқушыларының білімге деген көзқарастарын қалыптастыру, білім жарыстырып, ой шапшаңдығын, тіл шешендігін дамыту. Ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу. Олимпиада қорытындысы бойынша, 6 сыныптан - 11 оқушы, 5 сыныптан - 24 оқушы жүлделі орындарға ие болды! Құттықтаймыз!
Келесі кезеңге 4 оқушы жолдама алды. Олар: Бахмен Аружан 5 сынып, Нұржігіт Нұрдаулет 5 сынып, Халмет Елдар 6 сынып, Макетай Дінмұхаммед 6 сынып. Келесі кезеңнен сүрінбей өтулеріңізге тілектеспіз!
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: