Республикалық олимпиаданың бірінші (лицейішілік) кезеңі өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық олимпиаданың бірінші (лицейішілік) кезеңі өтті
28
октябрь
2020

Республикалық олимпиаданың бірінші (лицейішілік) кезеңі өтті

2020 жылдың 23 қазан күні  №178 лицейде «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың бірінші (лицейішілік) кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты: орта буындағы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сенімділік пен жауапкершілікке баулу. Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізілді: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және Қазақстан тарихы. Онлайн режимде өткен осы олимпиадаға 192 оқушы қатысты. Лицей оқушылары тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытып, өздерінің білімдерін саралай білді. Нәтижесінде аудандық кезеңге әр сыныптан І орын алған (жоғары ұпай жинаған 2 қатысушы) 10 оқушы жолдама алды. Дарынды оқушыларымызға сәттілік тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: