Оқушылар жетістіктері » Страница 21 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейдің дарынды, үздік оқушысы Дәулет Айбек "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасында
06
октябрь
2021
Лицейдің дарынды, үздік оқушысы Дәулет Айбек "Qazaqstan" Ұлттық
     №178 мамандандырылған лицейдің дарынды, үздік оқушыларының бірі 11 "Е" сынып оқушысы Дәулет Айбектен "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай оқушымыздың жарқын жетістіктерін таныстырып, сүбелі сұқбатын жарыққа шығарды.
"Ақ ладья" шахмат - дойбы клубының ұйымдастыруымен  біліктілік турнирі  өткізілді
04
июль
2021
"Ақ ладья" шахмат - дойбы клубының ұйымдастыруымен біліктілік
№178 мамандандырылған лицейдің 8 "К" сынып оқушысы Султангазиев Айсултан "Ақ ладья" шахмат - дойбы клубының ұйымдастыруымен өткізілетін біліктілік турниріне қатысып, 3 орынды иеленді.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы  «Тарих ата» олимпиадасын өткізді.
10
апрель
2021
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Тарих ата»
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылы наурыздың 17-күні оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың өз бетімен жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында республикалық қашықтық «Тарих ата» олимпиадасын өткізді. № 178 мамандандырылған лицейдің 5 – 9 сынып оқушылары олимпиаданың 1 қашықтық кезеңінен жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие
Қуанышты жаңалық! "Елбасы медалі" жобасының "Қола медаль" иегерлерінің саны артуда.
31
март
2021
Қуанышты жаңалық! "Елбасы медалі" жобасының "Қола медаль"
Қуанышты жаңалық! "Елбасы медалі" жобасының "Қола медаль" иегерлерінің саны артуда. 2021 жылдың 30 наурызында «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығында «Елбасы медалі» бағдарламасының қатысушыларын марапаттау өтті. «Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Білім мен табандылықтың және ерен еңбектің арқасында асу белестерді бағындыруға болатынын дәлелдеген Алматы қаласы №178 мамандандырылған
“Спорт - таусылмас азық, Өнер сарқылмас байлық” атты шахмат жарысы өткізілді
03
март
2021
“Спорт - таусылмас азық, Өнер сарқылмас байлық” атты шахмат жарысы
Санитарлық талапқа сай №178 мамандандырылған лицейде 03 наурыз күні "Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық" кафедрасының онкүндігінің жоспарына сәйкес, “Спорт - таусылмас азық, Өнер сарқылмас байлық” атты тақырыбында офлайн режимде шахматтан оқушылар арасында лицейішілік жарыс өткізілді. Мақсаты: Салауатты өмір салты, шахмат ойынына деген қызығушылықтарын ояту арқылы оқушылардың ғылыми ой зеректігін нығайту. Ойын барысында 1,2,3 орын алған қатысушылар алғыс
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
12
февраль
2021
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
Қуанышты жаңалық!     Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы аяқталды. Биыл пандемияға байланысты конкурс алғаш рет онлайн форматта өтті. Республикалық кезеңнің нәтижесі бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 7 оқушысы: 1. Техника секциясы бойынша: Миракбаров Райымбек (9 сынып) 2 орын; 2. Математика секциясы бойынша: Иса Фараби, Құсайынов Бексұлтан (11 сынып) 3 орын; 3. Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау секциясы бойынша: Смаханова Жасмин, Мусатай
"Поэзия,  менімен егіз бе едің?!"  қалалық онлайн өлең оқу байқауы
10
февраль
2021
"Поэзия, менімен егіз бе едің?!" қалалық онлайн өлең оқу байқауы
Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойына орай "Поэзия,  менімен егіз бе едің?!" тақырыбында  қалалық онлайн өлең оқу байқауы өткізілді  Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 мамандандырылған лицейдің тәлімгері Тілеужан Әбілқайырдың  ұйымдастыруымен, ҚР Жазушылар одағының қолдауымен Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай ақынның өлеңдерін оқудан  "Поэзия,  менімен егіз бе едің?!" тақырыбында 4-11 сынып  оқушылары арасында қалалық онлайн өлең оқу
“Қызықты математика және логика” атты қысқы онлайн-олимпиадасы
07
февраль
2021
“Қызықты математика және логика” атты қысқы онлайн-олимпиадасы
“Kemel Academy” білім беру орталығы ұйымдастырған “Қызықты математика және логика” атты қысқы онлайн-олимпиадасы 6-шы ақпанда өткізілді.  № 178 мамандандырылған лицейдің орта буын 5, 6, 7 және 8-сынып оқушылары осы олимпиадаға белсене қатысып, жүзден аса шәкірттеріміз жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды. Құтты болсын!  
"Қазақстан жастары - Тәуелсіздік толқынында" тақырыбында өткізілген аудандық мәнерлеп оқу сайысы
05
февраль
2021
"Қазақстан жастары - Тәуелсіздік толқынында" тақырыбында өткізілген
№178 мамандандырылған лицейдің 9 "Б" сынып оқушысы Алиханова Аяжан "Қазақстан жастары - Тәуелсіздік толқынында" тақырыбында өткізілген аудандық мәнерлеп оқу сайысында Бас жүлде иегері атанды. Дарынды оқушымызды мамандандырылған лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы қабылдап, мадақтаманы табыс етті.  Оқушымызға алдағы сайыстарда сәттілік пен жеңіс тілейміз.
"Ұшқыр ой алаңы" Республикалық дебаттық турнирінің қалалық кезеңі
31
январь
2021
"Ұшқыр ой алаңы" Республикалық дебаттық турнирінің қалалық кезеңі
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығында оқушылар арасында "Ұшқыр ой алаңы" Республикалық дебаттық турнирінің қалалық кезеңі (қазақ лигасы) өтті. Турнирге Алматы қаласынан 8 үздік команда қатысты. Әділқазылардың шешімі бойынша жүлделі ІІ орын алған жеңімпазымыз мамандандырылған №178 лицей оқушысы Жүзбасар Арайлым марапатталды. Құтты болсын!