"Поэзия, менімен егіз бе едің?!" қалалық онлайн өлең оқу байқауы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Поэзия, менімен егіз бе едің?!" қалалық онлайн өлең оқу байқауы
10
февраль
2021

"Поэзия, менімен егіз бе едің?!" қалалық онлайн өлең оқу байқауы

Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойына орай "Поэзия,  менімен егіз бе едің?!" тақырыбында  қалалық онлайн өлең оқу байқауы өткізілді 
Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 мамандандырылған лицейдің тәлімгері Тілеужан Әбілқайырдың  ұйымдастыруымен, ҚР Жазушылар одағының қолдауымен Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай ақынның өлеңдерін оқудан  "Поэзия,  менімен егіз бе едің?!" тақырыбында 4-11 сынып  оқушылары арасында қалалық онлайн өлең оқу байқауы өткізілді. 
Жеңімпаз және жүлделі орын алған оқушыларымызды марапаттау кеші санитарлық талапқа сай Алатау ауданына қарасты "Alatau Creative Hub" мәдени орталығында өз жалғасын тапты. Мәдени орталықтың жетекшісі, продюсер Айман ЕРКІНҚЫЗЫ дарынды оқушыларымызды марапаттап, ақиық ақынның өлеңдерін оқыған оқушыларымыздың өнеріне тәнті болды. 
Марапаттау кешін мамандандырылған лицейдің 8 "А" сынып оқушысы Ислам Әлібай Мұқағали Мақатаевтың "Есіңе мені алғайсың!" әнімен аяқтады. 
Осы тұста №178 мамандандырылған лицейдің атынан, Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған байқауға қолдау көрсеткені үшін ҚР Жазушылар одағының І орынбасары, поэзия ақыны  Ақберен Елгезек пен "Alatau Creative Hub" орталығының жетекшісі Айман Еркінқызына шексіз алғысымызды білдіреміз.
Сондай-ақ қалалық байқауға Алматы қаласы бойынша Алатау, Жетісу,  Медеу, Алмалы, Бостандық аудандарының  оқушылары және Жамбыл  ауданынан, Алгорифм орталығынан жалпы саны 120 оқушы қатысып, өз бақтарын сынап, жүлделі орындардың қатарынан көрінді.
Онлайн байқауға қатысқан барлық оқушыларға және жетекшілеріне ҚР Жазушылар одағының І орынбасары Ақберен Елгезектің арнайы мадақтамасы және алғыс хаттары  табыс етілді. 
Сонымен жеңімпаз және жүлделі орын алған оқушыларымыз:
5-сынып оқушылары арасында;
Бас жүлде  - Жалғасбек Ару
І орын  - Абылай Бейбарыс пен Әлібек Айтолқын
ІІ орын  - Баяш Аяла, Марат Анель, Нұрғазы Балауса, Жұмаділлә Ақбота
ІІІ орын  -  Нұрсейіт Айым,  Саттұрсын Мерей, Өмірзақ Әмина, Ахан Хадиша, Асылбай Жалғас, Тоқтаған Рақым, Туғанбай Әлия
6-7 сынып оқушылары арасында;
Бас жүлде  - Амитбек Айбын
І орын  - Бекен Әлішер
8-9 сынып оқушылары арасында;
Бас жүлде  - Алиханова Аяжан
І орын  - Құралай Жанелдин 
ІІ орын  - Оралбай Айғаным, Мұхит Сымбат, Жалғасбек Адал, Нұрмұханбет Маржан
ІІІ орын  - Адас Нұрайна, Ысқақ Әлия, Аблақат Аяулым
10-11 сынып оқушылары арасында;
Бас жүлде  - Нурумкулова Айзада
І орын  - Исахан Дәулет 
ІІ орын  - Ысқақова Ақдидар 
ІІІ орын  - Жүзбасар Арайлым
Жеңімпаз және жүлделі орын алған барлық оқушыларымызды құттықтаймыз!
Ал, онлайн өлең оқу байқауына қатысқан барлық оқушыларға және жетекшілеріне ерекше алғысымызды айтамыз.
Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойы құтты болсын!
Құрметпен, №178 мамандандырылған  лицейдің тәлімгері Әбілқайыр Тілеужан!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: