Оқушылар жетістіктері » Страница 23 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Кенгуру" Блиц-турнирі
22
декабрь
2020
"Кенгуру" Блиц-турнирі
Желтоқсан айында өткізілген Республикалық "Кенгуру" Блиц-турниріне қатысқан №178 лицей оқушылары жүлделі орындарды иеленді.
"Қызықты математика және логика" атты IV Республикалық онлайн-олимпиадасы
20
декабрь
2020
"Қызықты математика және логика" атты IV Республикалық
"Kemel Academy" онлайн-мектебі үйымдастырған "Қызықты математика және логика" атты IV Республикалық онлайн-олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың математикадан білім деңгейлерін анықтап, логикалық, қызықты есептерді де шығара білуін тексеру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларды біліктілікке, тез әрі дұрыс жауап беруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Осы, "Қызықты математика және логика" атты IV Республикалық онлайн-олимпиадасына №178 лицейдің оқушылары қатысып, жұлделі
Халықаралық "FEMO" олимпиадасы
20
декабрь
2020
Халықаралық "FEMO" олимпиадасы
Лицейіміздің 5 "Б" сынып оқушысы Жұмағали Абзал республикалық физика-математика мектебінде математика пәні бойынша өткен халықаралық "FEMO" олимпиадасына қатысып, ІІІ орынға ие болды. Олимпиадаға бес елдің үздік оқушылары қатысып, дарынды оқушымыз жүлделі орындардың қатарынан көрінді.  Дарынды оқушымызды марапатымен құттықтаймыз!
"Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар" атты эссе байқауы
20
декабрь
2020
"Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар" атты эссе
Лицейіміздің 9 "Б" сынып оқушысы Өмен Меруерт, Рахман Алшановтың "Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар" атты кітабы бойынша Алматы қаласы оқушылары арасында өткен эссе байқауына белсенді қатысқаны үшін марапатталды.  Жетекшісі:  Гүлшира Жүнісбекова
"Alatau Creative Hub" мәдени орталығының ашылуы
16
декабрь
2020
"Alatau Creative Hub" мәдени орталығының ашылуы
Лицейіміздің оқушылары "Alatau Creative Hub" мәдени орталығының ашылуында болып, 5 "Д" сынып оқушысы Өмірзақ Әмина Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жеке каналына сұқбат беріп, өзінің жылы лебізін білдірді.[media=https://youtu.be/m4E29I5f2zM]
"Елбасы Медалі" жобасы
15
декабрь
2020
"Елбасы Медалі" жобасы
"Елбасы Медалі" жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «El Umiti» бастамасы аясында әзірленді. Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы барлық жетістіктер Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегімен байланысты. Сондықтан жеңімпаздарға берілетін медальдар мен жоба «Елбасы Медалі» деп аталады. «Елбасы Медалі» жобасының мақсаты: әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен дарынын
Лингвистикадан қалалық олимпиада
15
декабрь
2020
Лингвистикадан қалалық олимпиада
Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 8-10 сынып  оқушылары арасында лингвистикадан қалалық  кезеңі 2020 жылы 11 қарашада  онлайн режимде өтті. Олимпиаданың мақсаты - дарынды оқушыларды қолдау және дамыту, қолданбалы лингвистика бойынша білімін тереңдету. Біздің, № 178 лицейден 8 сынып оқушысы Жарылқасын Амина қатысып, ІІ дәрежелі диплом иегері атанды.   Жетекшісі; Ноғайбаева Жанат. Құтты
Президенттік олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңі
15
декабрь
2020
Президенттік олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңі
Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен математика, физика, биология және химия пәндерінен президенттік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың басты мақсаты: жаратылыстану-математикалық бағытта дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау көрсету, білім-білігі мықты талантты жастарға жағдай жасай отырып, патриоттық рухын биіктетіп, елдік тұрғыда тәрбие беру.  Жалпы білім беретін ұйымдарының түлектеріне арналған ХІІІ Президенттік олимпиаданың
Фото байқау «Біздің тұратын үйіміз» номинациясы
15
декабрь
2020
Фото байқау «Біздің тұратын үйіміз» номинациясы
Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Балалар – экологиялық келелі мәселелер туралы» қалалық шығармашылық жобалар байқауында фото байқау «Біздің тұратын үйіміз» номинациясы бойынша №178 лицейдің 9 «Б» сынып оқушысы Аманов Алдияр ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Шойынбаева Шолпан  
Республикалық "Білім шыңы - 2020" пәндік олимпиадасы
14
декабрь
2020
Республикалық "Білім шыңы - 2020" пәндік олимпиадасы
Оқу танымдық қабілеттерін, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға қызығушылығын дамыту және дарынды оқушыларға қолдау көрсету, шығармашылығын шыңдау мақсатында еліміздің білім беру мекемелерінің 10 және 11 сыныптарына арналған Республикалық "Білім шыңы - 2020" пәндік олимпиадасының физика пәні бойынша ІІ дәрежелі жүлдемен 11 сынып оқушысы Серікболова Алуа марапатталады. Жетекшісі: Тастанова Жанат Оразовна