Мұғалімдер » Страница 34 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» бойынша  шеберлік сағаты
18
октябрь
2019
«Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» бойынша шеберлік сағаты
    Алатау ауданына қарасты №178 лицейінде 10 «г» сыныбында «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері» пәні бойынша лицей директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Шадиев К.Х. «Нарықтық тепе-теңдік баға» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.       Шеберлік сағатында  сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері  тақырыбында өзекті  мәселелер қозғалды. Шеберлік сағатына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің магистранттары қатысты.  
Мәртебелі қонақтар лицейдің робототехника оқу бөлмесімен танысты
17
октябрь
2019
Мәртебелі қонақтар лицейдің робототехника оқу бөлмесімен танысты
     Алматы қаласының Цифрландыру бағдарламасын іске асыру  мақсатында  қалалық Цифрландыру департаментінің басшысы Б. Қоңырбаев пен   Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры А. Дупик   №178 лицейдің заманауи үлгідегі  робототехника бөлмесін көруге келді.     Лицейге келген қонақтар оқу бөлмесіндегі пайдаланылатын  «Arduino», «Lego Mindstormes EV3» және  т.б. құрал-жабдықтардың сапасына ерекше мән беріп, ондағы атқарылып отырған
"Үздік педагог-2019"
15
октябрь
2019
"Үздік педагог-2019"
     178-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пəні мұғалімі Қайырбай Қанат Сатыбалдыұлы "Үздік педагог-2019" Республикалық конкурсының жүлдегері атанды. Қанат Сатыбалдыұлы -- өзінің отыз төрт жылдық ұстаздық жолында үнемі ізденіс үстінде жүретін жан. Шығармашыл ұстаз жаңартылған білім мазмұнындағы 8, 9, 10-сыныптарға арналған "Қазақ əдебиеті" оқулықтарының, хрестоматиялары мен  мұғалім кітаптарының авторы. Мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған "Қазақ тілі" жəне "Қазақ әдебиеті"
«Алтын сақа» олимпиадасы
09
октябрь
2019
«Алтын сақа» олимпиадасы
Алматы қаласы №178 лицейінің 5-6 сынып оқушылары арасында «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Ырысбек Мәуіттің ұйымдастыруымен 25 қыркүйек күні матиматика пәнінен өткен «Алтын сақа» олимпиадасының  І кезеңіне қатысып, оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. 
«Ұстаз білімі – шәкірт шыңы»
07
октябрь
2019
«Ұстаз білімі – шәкірт шыңы»
      «Ұлағатты ұстаздарды құрметтеу – біздің басты парызымыз» деген сөзбен лицейіміздің оқушылары  ұстаздар күніне орай, өзін-өзі басқару күнінде 9-11 сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына сабақ берді. Бір күн мұғалімнің қызметін атқарған лицей оқушылары,  жауапкершілікпен жұмыстарын тиімді атқара алды. Сондай-ақ лицей директоры және оның орынбасарларының қызметін атқару мүмкіндіктері беріліп, оқушыларымызға мотивация бергені сөзсіз. Біздер бүгін бір күн мұғалімнің жұмысын атқарып,
«Шәкірт шыңға көтерілсе – ұстаз үшін сол бақыт»
28
сентябрь
2019
«Шәкірт шыңға көтерілсе – ұстаз үшін сол бақыт»
Мерекелеріңізбен, аяулы ұстаздар! Сіздерді алда келе жатқан  төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!  Жұмыстарыңызға жеміс,отбасыларыңызға амандық тілейміз. Білім нәрімен шәкірттерін ізгілікке, әдептілікке шақыратын ұстаздардың абыройы асқақ болсын. «Тәрбиесіз берілген білім, Адамзаттың қас жауы» деп, Әл-Фараби бабамыз айтқандай. Тәрбие мен білімді бір арнада тоғыстыра білетін шәкірттеріміз көп болсын.
«Ұстаз деген ұлағатқа бас идік ...»
27
сентябрь
2019
«Ұстаз деген ұлағатқа бас идік ...»
              №178 лицей оқушыларының ұстаздар күніне арналған құттықтау-тілектерін назарларыңызға ұсынамыз.      Құрметті ұстаздар! «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз.      Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
«Өз-өзіңе сенімділігіңді арттыр» атты семинар- тренинг
24
сентябрь
2019
«Өз-өзіңе сенімділігіңді арттыр» атты семинар- тренинг
23.09.2019ж №178 лицей психологы Ағажанова Жанна 11- сыныптар арасында «Өз-өзіңе сенімділігіңді арттыр» атты семинар- тренинг өткізді. Семинар- тренингтің мақсаты: • түлектердің болашақ мамандық таңдауда адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; • кәсіби бағдар беру; • түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Семинар- тренинг кезеңінде
Тілдер мерекесі
21
сентябрь
2019
Тілдер мерекесі
     Тілдер мерекесі – еліміздің азаматтарының бірлігі, достықтың белгісі. Халықтар достастығы, өзара келісушілігі және бірлесуі – жаңа Қазақстан құрудың негізгі арқауы.      Алматы қаласы №178 лицейінде  Тілдер мерекесіне орай «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ  ҚҰРМЕТ» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанаты болды.  Ашылу салтанатында оқушылардың  қазақ, орыс, ағылшын, қытай  тілдерінде  мәнерлеп оқыған  түрлі өлеңдері  ерекше көрініс тапты. Мереке барысында оқушылар күмбірлете күй шертіп,  ән, биден