"Үздік педагог-2019" » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
октябрь
2019

"Үздік педагог-2019"

     178-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пəні мұғалімі Қайырбай Қанат Сатыбалдыұлы "Үздік педагог-2019" Республикалық конкурсының жүлдегері атанды. Қанат Сатыбалдыұлы -- өзінің отыз төрт жылдық ұстаздық жолында үнемі ізденіс үстінде жүретін жан. Шығармашыл ұстаз жаңартылған білім мазмұнындағы 8, 9, 10-сыныптарға арналған "Қазақ əдебиеті" оқулықтарының, хрестоматиялары мен  мұғалім кітаптарының авторы. Мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған "Қазақ тілі" жəне "Қазақ әдебиеті" оқулықтары бүкіл республика бойынша үлкен сұранысқа ие болып отыр.
     Қайырбай Қанат Сатыбалдыұлы "Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "Білім беру саласының үздігі" төсбелгілері мен, көптеген Алғыс хаттармен жəне  Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ұстазымызды үлкен марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: