Бүгінгі жас маман келер ұрпақтың сәулеткері. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгінгі жас маман келер ұрпақтың сәулеткері.
20
февраль
2019

Бүгінгі жас маман келер ұрпақтың сәулеткері.

Бүгінгі жас маман келер ұрпақтың сәулеткері. 

Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінің арасында 2019 жылдың 13-15 ақпаны аралығында «Жаңашыл мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас мамандар байқауы өтті. Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында ұйымдастырылған байқауға №178 лицейдің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуанбаева Бағдат Сұлтанбекқызы қатысты. Байқауда жас мамандар   үш кезең бойынша бақ сынасты. Алғашқы кезең «Жаңашыл мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу болды. Екінші кезең «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыруда Бағдат Сұлтанбекқызы өзінің бір жылдық еңбек өтіліндегі жеткен жетістіктері мен шәкіртке деген сүйіспеншілігін өткізіп жүрген сабақ үрдісі арқылы жеткізе білді. Бағдат Сұлтанбекқызының таныстырылымы әділқазылар алқасының  жоғары бағасына ие болды. Алғашқы кезеңдерде бақ сынасқан 25 жас маманның ішінен 10 мұғалім соңғы кезеңге жолдама алды.  Соңғы кезеңде жас мамандар ашық сабақ өткізді. Мұғалім өзінің жаңаша сабақ өткізу үлгісін, педагогикалық озат тәжірибесін, оның барлық элементтерін (оқыту әдіс-тәсілі, технологиясы, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың формаларын) бір сабақ жүйесінде жинақы түрде көрсете білді.   Жас маман Бағдат Сұлтанбекқызы өзінің жаңашыл идеясы мен ұшқыр ойының нәтижесінде өз ісінің шебері екендігін айқындай білді. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынды иеленді. 

«Еліміздің  ертеңі жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, озық ойлы, қиялы ұшқыр, талантты ұстаздардан білікті де білімді шәкірт шығатыны түсінікті. Ендеше, осындай байқаулар жас мамандардың кәсіби дамуына, рухани жаңғыруына зор үлесін қосып, бәсекеге қабілетті мұғалімдердің шеберлігін арттыратыны сөзсіз. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: