Мұғалімдер » Страница 38 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жаңа жыл - 2019" мерекелік кеші
28
декабрь
2018
"Жаңа жыл - 2019" мерекелік кеші
2018 жылдың 26 желтоқсан күні 9,10,11 сыныптардың "Жаңа жыл - 2019" атты мерекелік кеш өтті.Жаңа жылдың символына айналған әдемі безендірілген шырша мерекелік кештің ажарын аша түсті. Көңілді өткен мерекелік бағдарлама би кешімен жалғасты. 
Оқушылар әкім шыршасына қатысты.
27
декабрь
2018
Оқушылар әкім шыршасына қатысты.
Алматы қаласы әкімі Б.Қ.Байбек мырза әлеуметтік жағдайлары төмен отбасының балаларына арнайы жаңа жылдық мереке сыйлады. Мерекеге №178 лицейден 6 оқушы қатысты. Сонымен қатар Алатау ауданының әкімі Шахмерден Сыртбайұлы әлеуметтік жағдайлары төмен, көп балалы отбасының балаларына ерекше Жаңа жылдық мереке ұйымдастырды. Алматы қаласы қуыршақ театрына саяхатқа барды. Қойылымды лицейімізден 7 оқушы барып тамашалады. Оқушылар керемет сыйлықтарға ие болды. Балаларымыз қуанышты болып қайтты.
«Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты»
15
декабрь
2018
«Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты»
Алатау ауданы №178 лицейде 15.12.2018ж. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына байланысты «Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты» атты тақырыпта мерекелік кеш өтті. Мақсаты: тәуелсіздік ұғымын терең ұғындыру, оқушылардың бойына Отанына, еліне деген сүйіспеншілік пен бірлік ұғымдарын терең сіңіру, Мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, өз ұлтын сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру.
"Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты" атты тақырыптарда 5-11 сыныптарда сынып сағаттары
11
декабрь
2018
"Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты" атты тақырыптарда 5-11 сыныптарда
Алатау ауданы №178 лицейде 2018 жылдың 11 желтоқсан күні "Тәуелсіздік -ел тірегі", "Тәуелсіздік - адамзаттың бақыты" атты тақырыптарда 5-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды еліміздің патриоттары болуға тәрбиелеу.
«Алатаудың өнерлі жұбы» атты сайыс
10
декабрь
2018
«Алатаудың өнерлі жұбы» атты сайыс
«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар арасында өткен «Алатаудың өнерлі жұбы» атты 3 кезеңнен тұратын сайысқа №178 лицейдің 10 "Д" сынып оқушылары Болат Керім мен  Қабдығалиева Нұрым қатысып, ІІІ орын иеленді.
Информатикадан   Х  Еуразиялық олимпиадасы өтті.
09
декабрь
2018
Информатикадан Х Еуразиялық олимпиадасы өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен Информатикадан Х Еуразиялық олимпиадасына №178 лицей оқушылары қатысып, жүлделі ІІІ орын және сертификаттармен  Манашов Али, Тастанбек Диана, Сражов Абдусаттар марапатталды. 
1 желтоқсан – дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
29
ноябрь
2018
1 желтоқсан – дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
1 желтоқсан – дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай №178 лицейде Жас Ұлан ұйымының ұйымдастыруымен акция өткізілді. Акция - оқушылар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары мен салауатты өмір салтын насихаттау және жауапты мінез құлық қалыптастыру мақсатында өтті.  
"Мейірімі мол жандар"
09
ноябрь
2018
"Мейірімі мол жандар"
07.11.2018 күні №180 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында Алатау аудандық Білім бөлімінің басшылығымен аудандағы қамқоршыларға арналған "Қамқоршы күніне" орай "Мейірімі мол жандар" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Қамқоршылардың құрметіне өткізілген іс-шарада №178 лицейде оқитын қамқорлыққа алынған 4 оқушының