КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы

Қош келдіңіздер!

Толығымен

Последние новости

Барлық жаңалықтар
23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні
23
апрель
2024
23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні
    23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай №178 мамандандырылған лицейдің кітапханашылары 8 ”А” сынып оқушыларымен бірге дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар өздерінің ұнатып оқитын кітаптарымен бөлісіп, кітап туралы мақал-мәтелдер айтып, энциклопедиядан бір-біріне сұрақ-жауап қойды. Ең бастысы, "кітаптың - рухани байлық пен білімнің, тәрбиенің көзі" екенін түсінді. @Біртұтас тәрбие бағдарламасы
"Жасыл топ" тақырыбында эко-квест (ойыны) өткізілді
23
апрель
2024
"Жасыл топ" тақырыбында эко-квест (ойыны) өткізілді
     "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында №178 мамандандырылған лицейде 10-сынып оқушыларының арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу мақсатында "Жасыл топ" тақырыбында эко-квест (ойыны) өткізілді. Іс-шара барысында білім алушылар туған өлкенің табиғаты, табиғатты аялау туралы өз ойларымен бөлісе отырып эко-квесттің тақырыпқа сай қызықты ойындар ойнап, тапсырмалар арқылы жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру үшін, экологияны
10-сынып оқушылары «Экологиялық калейдоскоп» тақырыбында іс-шара өткізді
22
апрель
2024
10-сынып оқушылары «Экологиялық калейдоскоп» тақырыбында іс-шара
      22 сәуір – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕР КҮНІ - таза су, жер және ауа мерекесі. Осы мерекеге орай "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында №178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары «Экологиялық калейдоскоп» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқушылар елдің экологиялық жағдайын талқылап, оны шешудің жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, оқушылар табиғатты сақтау үшін мәдени мінез-құлықтың негізгі ережелеріне баса назар аударды. @kaldybekov_azamat  @akimat_alatau @Карлыгаш Акмурзаева 
СДУ — жаңа белестер мен мүмкіндіктердің ортасы
22
апрель
2024
СДУ — жаңа белестер мен мүмкіндіктердің ортасы
     Лицейіміздің оқушылары кәсіби бағдар беру бойынша Қаскелен қаласында орналасқан Сүлеймен Демирел  университетінің базасына арнайы барып, саяхат-сабағы жобасына қатысып келді. Оқушылар арнайы мамандардан сұрақ-жауап есебінде пікір алмасты. Университет базасы, грант т.б маңызды ақпараттармен танысты. Саяхат-сабағы жобасы осы оқу жылында сегізінші мәрте университеттер қабырғасында ұйымдастырылды. Арнайы қолдау көрсеткені үшін Сүлеймен Демирел  университетінің әкімшілік құрамына өз алғысымызды
"Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында "Қоқыссыз мектеп" қалалық экологиялық марафонына қатысуда
19
апрель
2024
"Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында "Қоқыссыз мектеп"
     Алматы қаласы Білім басқармасы №178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары "Алматы - біздің ортақ үйіміз" науқаны аясында "Қоқыссыз мектеп" қалалық экологиялық марафонына қатысуда. Оқушылар марафон барысында лицей ауласы мен жақын аймақтарды тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.  Осындай тазалық шаралары, ауқымды марафон, эстафеталар арқылы шәкірттердің экологиялық мәдениетке қалыптасатындығына сенеміз! @kaldybekov_azamat @akimat_alatau @Карлыгаш Акмурзаева  @edu.almaty
"Менің бауырым" еріктілік жобасы аясында өткізілген психологиялық тренинг
18
апрель
2024
"Менің бауырым" еріктілік жобасы аясында өткізілген психологиялық
    Алматы қаласында "Менің бауырым" еріктілік жобасын жүзеге асыру бағытында жұмыстар жалғасып жатыр. Жоба аясында №178 мамандандырылған лицейдің 7-8 сынып оқушыларының арасында көңілді үзіліс өткізіліп, психологиялық ойындар ойнатылды. Бұл ойындар балалардың есте сақтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. #меніңбауырым  #көңілдіүзіліс

Жаңалықтар топтамасы