Мұғалімдер » Страница 30 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Тартылыс заңы немесе сиқырлы магнит»
21
январь
2020
«Тартылыс заңы немесе сиқырлы магнит»
   21.01.2020 ж лицейіміздің 6-сынып оқушыларымен «Тартылыс заңы немесе сиқырлы магнит» тақырыбында тренинг жаттығулар жүргізілді. Тренинг барысында «Менің ерке есімім», «Жиырма «Мен», «Жақсы ма, жаман ба?», «Комплимент», «Күн нұрындағы менің суретім», «Өзіме хат» тақырыптарында түрлі жаттығулар жүргізілді.    Мақсаты: өзінің тұлғалық қасиеттерін бағалауға, өзін-өзі сыни көзбен түзеуге үйрету.    Міндеттері: тұлғаның өзінің ішкі жан дүниесіне үңіле білуге жағдай жасау, өзін-өзі түсінуге
Лицей мұғалімдері мен оқушылары «Ең үздік Бизнес идея-2019» байқауының арнайы мадақтамаларына ие болды
20
январь
2020
Лицей мұғалімдері мен оқушылары «Ең үздік Бизнес идея-2019»
   Алматы қаласы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткізілген «Ең үздік Бизнес идея-2019» байқауының жеңімпазы Бақыт Марат  «Globus»  жобасынан ІІ орын жеңіп алды. Сонымен қатар байқауға қатысқаны үшін Кәкібай Асанбай, Талғатов Темірлан, Сатыбалды Нұрболат, Байғалиев Әсет, Құмарбек Әйгерім, Алимғазы Рания және жоба кураторы Кутумов Берік арнайы мадақтамалармен марапатталды.    Сондай-ақ байқауға қатысқаны үшін лицейімізге де арнайы мадақтама берілді.
«Ел жастары» клубының жеңімпаздары лицей директорының қабылдауында
19
январь
2020
«Ел жастары» клубының жеңімпаздары лицей директорының қабылдауында
    Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша өткен Қазақ және Әлем классигі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мен және менің ұйымым» атты сайысынан «Бас Жүлде» иегерлері атанған оқушыларымызды лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы қабылдап, айтулы жеңістерімен құттықтады.   Оқушыларымызға алдағы уақытта аудан, қала, республика көлемінде өтетін сайыстарда лицей намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырына көтеріліп, тек бірыңғай жетістіктерге жете беріңіздер деп, өзінің жылы лебізін білдірді.   
Лицейіміздің мұғалімдері І және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды
17
январь
2020
Лицейіміздің мұғалімдері І және ІІІ дәрежелі дипломдарымен
   Лицейіміздің мұғалімдері Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» сайысына қатысып,  жүлделі орындарға ие болды.    Биология пәнінің мұғалімі Айдарова Айдана І дәрежелі дипломмен,  физика пәнінің мұғалімі Жумағулова Сағила және көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кутумов Берік ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.    Марапаттарыңыз құтты  болсын, құрметті де, қадірлі ұстаздар!
Қарбық мұз. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелері.
13
январь
2020
Қарбық мұз. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері. Тұрғын үйдегі өрт
   13.01.2020ж. күні №178 лицейдің 7-8 сынып оқушыларына "Қарбық мұз. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері. Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік ережелері" тақырыбында OnLine сабақ өткізілді.
Лицей тәлімгері Алатау аудандық №1 Оқушылар үйінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Шекер Бекетқызының қабылдауында болды
07
январь
2020
Лицей тәлімгері Алатау аудандық №1 Оқушылар үйінің әдістемелік
   2019-2020 оқу жылының ІІІ тоқсанында лицей тәлімгері №1 оқушылар үйінің әдістемелік бөлімінің  меңгерушісі Шекер Бекетқызының қабылдауында болды.      Қабылдауда Шекер Бекетқызына оқу жылының екі тоқсан бойы  лицей көлемінде жасалған іс-шаралары мен аудан көлемінде бірігіп атқарған  сайыстардың нәтижелері  және «Ел жастары» клубының жасаған  жұмыстары, «Жас Ұлан» бағыты бойынша қолға алынған шаралардың жарты жылдық есептері тапсырылып, атқарылған жұмыстар  жоғары деңгейде деп, бір ауыздан
Олимпиада және ғылыми  зерттеу жұмыстары 1- жарты жылдық есебі ( 2019-2020 )
06
январь
2020
Олимпиада және ғылыми зерттеу жұмыстары 1- жарты жылдық есебі (
Олимпиада және ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша 2019-2020 оқу жылының І жарты жылдық есебі
Келіп жеткен 2020 Жаңа Жыл баршаңызға құтты болсын!
06
январь
2020
Келіп жеткен 2020 Жаңа Жыл баршаңызға құтты болсын!
Құрметті ұстаздар және оқушылар!  Келіп жеткен 2020 Жаңа Жыл баршаңызға құтты болсын!  Жаңа жылда жарқын болашақпен  жетістіктерге жетіп, білім мен ғылым, өнер мен спорт саласында жолдарыңыз болып, биік белестерді бағындыра беріңіздер!  Шәкірттеріңіз сенімдеріңізді ақтап, ұстаздар қауымының абыройы арта берсін!  Еліміз аман, жұртымыз тыныш, жаңа жылымыз жақсы бастамалар мен игі істерге толы болсын!  Жыл құтты болсын!  Құрметпен, №178 лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы