«Ағаш отырғызу» акциясы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
октябрь
2019

«Ағаш отырғызу» акциясы

«Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды,»- дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Мұның өзі қоғамға пайдасы зор игі бастама емес пе? Акцияны өткізудегі негізгі мақсат қала тұрғындарын қаланы таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы, қаланы таза әрі жасыл қалаға айналдыруға шақыру болып табылады.Егерде әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстап, егілген ағаш көшеттерінің өсуіне жағдай жасаса, қаламыз бұдан да ажарлана түсетіні сөзсіз. 
    Қазанның 12-і күні «Туған жер» бағдарламасы аясында, №178 лицейде  көгалдандыру және көркейту мақсатында “Ағаш отырғызу” акциясы өтті. Акцияға «Ел жастары» еріктілер клубының мүшелері мен «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары жеміс ағаштарын отырғызуға қызығушылықпен белсене ат салысты. 
    Иә, ел мен жер — оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары — біздің басты байлығымыз. Табиғатты қажетімізге мейлінше пайдалану мен бірге оны таза, көркем етіп сақтап қалу, бүгінгі ұрпақтың, біздің міндетіміз.  Қаламыз гүлденіп, көркеюі үшін бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, сенбілікке атсалысайық! Іске сәт!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: