"Кітапханаға — кітап сыйла" атты акциясы өтіп жатыр. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Кітапханаға — кітап сыйла" атты акциясы өтіп жатыр.
18
сентябрь
2023

"Кітапханаға — кітап сыйла" атты акциясы өтіп жатыр.

     Лицейімізде кітапхана меңгерушісінің жұмысына қолдау көрсету және лицей оқушыларын кітап оқуға шақыру, олардың зейінін ашу мақсатында "Кітапханаға — кітап сыйла" атты акциясы өтіп жатыр. Осы орайда лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы аталған эстафетаны өзі бастап, өз атынан аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, қазақтың аңыз, абыз ақсақалы — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың "Өмір және еңбек шежіресі" кітабының 5 данасын, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың "Жүрек арызы" және Нұрболат Серікұлының "Жырларым — сырларым" атты өлең-шумақ кітаптарын, жазушы Кәдірбек Серікбайұлының "Жол" романы мен ардагер ұстаз Орынша Қарабалинаның "Ұстаз жүгі — ауыр, қиын, қызық" атты кітаптарын кітапхана меңгерушісі Гүлшира Жунисбековаға табыстады. Лицейімізде өтіп жатқан ауқымды акцияға өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз, құрметті ұстаздар және ата-аналар!
Зейіндеріңіз ашылсын, құрметті оқушылар!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: