Қандай кітап оқып жатырсыз » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2020

Қандай кітап оқып жатырсыз

Қазіргі барша әлемде болып жатқан жағдайды барынша жеңіл әрі тиімді өткізе білу әр адамның өзінің ерік-жігерінде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және де ақын-жазушылар мен мәдениет қайраткерлерінің игі бастамасы "Қандай кітап оқып жатырсыз" атты эстафетасын барша азамат қолдап жатыр.
Алматы қаласы, Алатау ауданы, 178 лицейдің мұғалімдері мен оқушылары да дәл қазіргі уақытты кітап оқуға, шығармашылықпен айналысуға таптырмайтын мүмкіндік деп қарастырып, өздерінің бос уақыттарын тиімді пайдалануда.  Сабақтан артылған уақыттарында көркем әдебиетіміздің мөлдір сусына қанып, түрлі ақын-жазушыларымыздың әдеби шығармалары мен өрелі өлеңдерін оқып, рухани байлықтарын одан әрі дамыта түсуде. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-Әметова Сәуле Орынбасарқызы 7-сыныптар арасында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра түсу мақсатында, "Сіз қандай кітап оқып жатырсыз" челлендж-эстафетасын ұйымдастырды.Оқушылар өздерінің қандай кітап оқып жатқандығымен және ондағы қызықты да пайдалы тұстарын айтып, мектебіміздің басқа оқушыларын да бірге үйде отырып, уақыттарын тиімді өткізу үшін кітап оқуға шақырды.
#Бізбіргеміз#
#Біргекітапоқиық#
#178лицей#



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: