Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының арнайы алғыс хаты халықаралық қорға табыс етілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының арнайы алғыс хаты халықаралық қорға табыс етілді.
06
июнь
2022

Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының арнайы алғыс хаты халықаралық қорға табыс етілді.

"Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының" Президенті Қонаев Эльдар Асқарұлы мен қордың вице-президенті Байбол Болат Қажыақбар мырзаларға лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлының алғыс хатын лицейіміздің талантты оқушыларының бірі Жалғасбек Ару мен тәлімгер Әбілқайыр Әлімбай табыстады.
Құрметті, Қонаев Эльдар Асқарұлы және Байбол Болат Қажыақбар мырза!
Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты #178 мамандандырылған лицейде дарынды оқушыларды анықтау және олардың шығармашылық жұмыстарын арттыру мақсатында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған "Біздің даңқты бабамыз - Дінмұхамед Қонаев" тақырыбында өткен ғылыми конференцияға қолдау көрсеткеніңіз үшін Сізге және ұжымдастарыңыздың жұмыстарына сәттілік тілеп, лицей әкімшілігі атынан АЛҒЫС БІЛДІРЕМІН делінген.
Сонымен қатар биылғы оқу жылының ақпан айында Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың құрметіне арналған конференцияны өзін-өзі басқару ұйымына қарасты "Ел жастары" клубы аталған қормен бірігіп, лицейімізде өте жоғары деңгейде өткізген болатын.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: