Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған төсбелгінің тұңғыш иегерін лицей директоры қабылдады. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған төсбелгінің тұңғыш иегерін лицей директоры қабылдады.
04
июнь
2022

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған төсбелгінің тұңғыш иегерін лицей директоры қабылдады.

Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған төсбелгінің тұңғыш иегері атанған Жалғасбек Аруды, лицей директоры, жастардың жанашыры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы арнайы қабылдап, өзінің жылы лебізін білдіріп, арнайы бағалы сыйлықты табыс етті. Сондай-ақ талантты оқушымызға алдағы оқу жылында сәттілік тілеп, лицейіміздің атын жақсы жағынан шығарып, үлгілі тәртібі және сапалы білімі арқылы қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүруге кеңес берді. Естеріңізге сала кетейік Жалғасбек Ару биылғы жылы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына орай "Біздің даңқты бабамыз - Дінмұхамед Қонаев" тақырыбында ұйымдастырылған ғылыми конференцияда Бас жүлде жеңіп алса, одан бөлек 1 Маусым Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған "АлматыBALAFEST" байқауының "Кітап білім бұлағы" тақырыбы негізінде "Менің сүйікті кітабым" секциясы бойынша сыңға түсіп, Дінмұхамед Қонаевтың "Ақиқаттан аттауға болмайды" кітабын қалың оқырманға жеткізіп, аудандық және қалалық байқауларда І орын иегері атанды. Міне, биылғы оқу жылында жоғары деңгейде өзін көрсетіп, аңыз адамның есімін насихаттап, белсенділік танытқаны үшін "Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қоры" атынан "Дінмұхамед Қонаев" төсбелгісімен марапатталған болатын.
Құтты болсын! Алар асуың көп болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: