«Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының» қолдауымен Ғылыми конференция өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының» қолдауымен Ғылыми конференция өткізілді.
07
февраль
2022

«Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының» қолдауымен Ғылыми конференция өткізілді.

«Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының» қолдауымен, №178 мамандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик, қазақтың аңыз, абыз ақсақалы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Біздің даңқты бабамыз - Дінмұхамед Қонаев» тақырыбында 6-10 сынып оқушылары арасында 22 оқушы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Ғылыми конференцияда 6-сынып оқушылары мен 10-сынып оқушылары бөлек сайысқа түсті. Конференцияда Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірбаяны, атқарған қызметтері, қарапайым халықпен араласуы, еңбек жолдары, отбасылық өмірі т.б маңызды, өзекті тақырыптарды қамтып, ғылыми конференция жоғары деңгейде өткізілді. Ғылыми конференцияда «Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының» мүшесі, Қонаевтанушы, профессор, Батталханов Болысбек мырза мен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы Бек Сраилов арнайы келіп, жеңімпаз және жүлдегер оқушыларды марапаттады. Сондай-ақ ақын, математика пәнінің мұғалімі Қанат Төлеубайұлы Дінмұхамед Ахметұлына арналған "Әз ағаны аңсау" өлеңін оқып, конференцияның шырайын келтірді.
Күллі қазаққа жақсы атымен, үлгілі істерімен, қарапайымдылығы арқылы даналығын көрсете білген, тұтас бір ұлттың айнасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ақсақалдың жарқын бейнесі қаймана қазақтың жадында сақталады.
Осы орайда ғылыми конференцияның өтуіне демеушілік танытқан «Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының» Президенті Қонаев Эльдар Асқарұлына, қордың вице-президенті Байбол Болат Қажыақбарға, Қонаевтанушы Батталханов Болысбек Заманбекұлына, қордың мүшесі Бек Сраилов мырзаларға лицей әкімшілігі атынан үлкен алғысымызды білдіреміз!
Құрметпен, Әбілқайыр Тілеужан!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: