"Біздің даңқты бабамыз - Дінмұхамед Қонаев" тақырыбында онлайн режимде конференция өткізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Біздің даңқты бабамыз - Дінмұхамед Қонаев" тақырыбында онлайн режимде конференция өткізілді
12
январь
2021

"Біздің даңқты бабамыз - Дінмұхамед Қонаев" тақырыбында онлайн режимде конференция өткізілді

Лицей тәлімгері Әбілқайыр Тілеужанның ұйымдастыруымен, күллі қазаққа аты мәлім, аңыз, абыз ақсақал,  Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күніне орай 5-сынып оқушылары арасында "Біздің даңқты бабамыз  - Дінмұхамед Қонаев" тақырыбында онлайн режимде конференция өткізілді. 
Конференцияның мақсаты: ел жүгін арқалап, 50 жылға жуық ел басқарған Дінмұхамед Қонаевтың ерен еңбектері мен тұлғалық қасиетін, оның даналығы мен кемеңгерлігін болашақ ұрпаққа насихаттау.
Сондай-ақ Дінмұхамед Ахметұлының қарапайымдылығы мен іскерлігі, еліне деген сүйіспеншілігі болашақ ұрпақтың бойында болу керек асыл қасиет болып табылады. 
Елімізде 47 қала салдырып, ірі кәсіпорындар ашып, ел игілігі үшін өлшеусіз еңбек еткен болатын. 
Сонымен қатар лицей тәлімгері Әбілқайыр Тілеужан аңыз ақсақалдың мұражайына барып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 
Біз даңқты бабаларымыз арқылы, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, оларды кеңінен насихаттау арқылы, ұлт болашағын қалыптастыра аламыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: