"Қазақтың қайсар ұлы - Бақтияр батыр" » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
октябрь
2020

"Қазақтың қайсар ұлы - Бақтияр батыр"

Лицейіміздің жылдық жоспарына сәйкес, Афины олимпиадасының жеңімпазы, "Вел Баркер" кубогының иегері Бақтияр Артаевтың құрметіне арналған "Қазақтың қайсар ұлы - Бақтияр батыр!" тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында лицейішілік эссе байқауы өткен. Эссе байқауының негізгі мақсаты: оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, жігер беріп,  еліміздің даңқты ұлын насихаттау және өскелең ұрпақтың бойына рухани дүниелерді дәріптеу. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау үшін олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев  қонаққа келіп, өзінің арнайы сыйлықтарын табыс етіп, оқушыларымызбен кездесу өткізді. Сондай-ақ, олимпиада чемпионымен өткен кездесуге  ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде де оқушыларымыз қатысып, берекелі кездесудің куәгері болды. Оқушыларымыз чемпионға өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Қазақ жастарына үлгі, қызметте де абыройлы, сыйлы болып, шаршы алаңда ширақ қимылымен шапшаң қимылдап олимпиада және адамгершіліктің де чемпионы бола білген Бақтияр Ғарифоллаұлымен кездесуіміз өте жоғары деңгейде өтті. Келген құтты қонағымызды лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы қабылдап, РОБОТОТЕХНИКА кабинетіндегі оқушыларымыздың өз қолымен жасаған жобаларын көрсетіп, лицей тарихындағы жарқын жеңістерді және атқарылып жатқан ауқымды іс-шараларды таныстырды. Кездесу соңында лицей әкімшілігі мен  "Ел жастары" өзін-өзі басқару ұйымының атынан олимпиада чемпионына құрмет көрсетіліп, лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы ұжымның атынан алғыс хатын табыс етті. Елдің атын шығарып, жастарға үлгі болар еліміздің елеулі азаматтары көп болсын. Барша лицей ұжымының атынан Бақтияр Ғарифоллаұлына ерекше алғысымызды білдіреміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: