Абай күні: "Ақыл ойдың алыбы - Хәкім Абай" » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай күні: "Ақыл ойдың алыбы - Хәкім Абай"
10
август
2020

Абай күні: "Ақыл ойдың алыбы - Хәкім Абай"

Официальный сайт отдела образования г. Павлодар - №2 ЖОМ - 10 ...
  
   Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №178 лицейде "Ақыл ойдың алыбы - Хәкім Абай" тақырыбында Ұлы ақынның туған күніне орай онлайн кездесу өткізілді. Кездесуге лицейіміздің оқушылары мен мұғалімдері қатысып, керемет кездесудің куәгері болды. Онлайн кездесудің құрметті қонағы ретінде  Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология және көптілді білім беру институтының құрметті ұстазы, академик, профессор, филология ғылымдарының докторы, халықаралық және республикалық ғылыми жинақтар мен "Абайтану" негізіндегі бірнеше  еңбектердің авторы Тебегенов Темірхан Сақаұлы қатысты. 
   Онлайн кездесуде лицейіміздің талантты да, дарынды оқушылары Жарқын Дәулетберді, Абдиади Дина, Солтанбек Айша, Мұратбек Мирас т.б. оқушыларымыз келген қонаққа өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. 10 "Г" сынып оқушысы Жарқын Дәулетберді Абайдың "Әлқисса" күйімен кездесуді ашып, шырайын келтірді. Ал Абай шығармалары негізінде өткен қалалық және аудандық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, 10 "Г" сыныбының оқушылары Уразбекова Гүлжауһар мен Уалихан Балауса Абай өлеңдерін оқыса, Алмас Сұңқар Ұлы ақынға  деген өзінің арнау өлеңін айтып, кездесуді жандандыра түсті. 
   Сондай-ақ лицей оқушылары Уразбекова Гүлжауһар мен Абдиади Дина жетекшілері Эльмира Жанатқызымен бірге Абай шығармаларын тереңдетіп зерттеу мақсатында Темірхан Сақаұлымен бірлесе жұмыс жасауға келісті.
   Кездесуге себепші болған лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кутумов Берик пен лицей тәлімгері Тілеужан Әбілқайырға және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, лицейіміздегі "Абайтану" кабинетінің меңгерушісі Эльмира Рапилова Жанатқызына, кездесуге қатысқан барша оқушыларымыз бен мұғалімдерімізге, құрметті қонағымызға өз алғыстарымызды білдіреміз. 
   Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы, "Абай күні" құтты болсын! "Абай салған ізбенен, біз жалынды жастармыз!"
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: