"Абай дана, Абай дара қазақта..." » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ноябрь
2019

"Абай дана, Абай дара қазақта..."

2019 жыл 19 қараша күні   №178 лицейде 5 «Ә» сынып оқушыларының   қатысуымен "Абай дана, Абай дара қазақта..." атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын 5 «Ә» сынып жетекшісі  Исабаева Балмира  лицей кітапханасында өткізді.Тәрбие сағатына лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Абуова Жазира мен Жәкі Жанат, лицей кітапханашылары Жүнісбекова Гулшира мен Арна Жанна қатысты.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ұлы ақын - А.Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге тәрбиелеу.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, 
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп  келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бәрімізбен  бірге мәңгі жасап келетінін Исабаева Балмира оқушыларға түсіндіріп айтып өтті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: