Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
14
ноябрь
2019

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

   2019 жылдың 14 қараша күні №178 лицейде Ауған соғысының 30 жылдығына орай «Ауғанның отты жалыны» атты тақырыпта Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
   Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу; өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру. 
    Лицей директоры К.Х. Шадиев оқушыларды құттықтап, шараға келген қонақтарға алғыс білдірді. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері: барлаушы, "Банджшер" ВИА тобының жетекшісі - Айдарбаев Алмасбек, десантшы, “Банджшер” тобының жеке орындаушысы (бес арыстан) - Савиченко Сергей,  өз әндерінің  орындаушысы - Канатов Еркін, патриоттық және ауғандық әндердің автор-сазгер - Есембаев Нурлан, Жусипов Али қатысты.
   Шараға қатысқан қонақтарымыз ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды және жанды дауыста Ауған соғысы жайында патриоттық әскери әндермен шашу шашты.
   Лицейіміздегі  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Т. Жәкі және Ж.З. Абуова жастар үшін маңызы зор, тағылымы мол  шараны ұйымдастырып, кейінгі ұрпаққа үлгі етті. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: