"Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шыққанына 30 жыл" » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шыққанына 30 жыл"
13
февраль
2019

"Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шыққанына 30 жыл"

Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шыққанына 30 жыл толуына орай №178 лицейде Алатау ауданының Әскери комиссариатының ұйымдастыруымен Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кездесу барысында ардагерлер Ауған жерінде өткен қиындығы мол жастық шақтарының естеліктерімен бөлісе отырып, еліміздің қазіргі тыныштық сәтін, бейбіт күнін, Елбасының саясатын жас ұрпақтарға үлгі етіп айтып өтті. Сонымен қатар, ауданымыздың 17 жасқа толған оқушыларына  әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктерін ауған соғысы ардагерлері табыстады. №178 лицей, №26 ЖББ мектеп, №160 ЖББ мектеп оқушылары өздерінің өнерлерін көрсетіп, ерлік, туған жер тақырыбындағы патриоттық әндері мен жалынды өлеңдерін арнады. Шараға белсенді қатысқан оқушыларды Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы полковник Г.Сырлыбаева мақтау қағаздарымен марапаттады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: