Жаңашыл ұстаз, білікті басшы Ə. Қ. Өтешті еске алу кеші » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңашыл ұстаз, білікті басшы Ə. Қ. Өтешті еске алу кеші
29
апрель
2019

Жаңашыл ұстаз, білікті басшы Ə. Қ. Өтешті еске алу кеші

Бүгін рухани жаңғыру аясында үлкен игі іс орын алып, Алатау ауданындағы өзі жұмыс істеген 178-ші лицейде ұлағатты ұстаз Əбдімəжит Қоңырбайұлы Өтеш атындағы математика кабинеті ашылды.
Еліміздің мақтанышы, жаңашыл ұстаз, білікті басшы бола білген математик Əбдімажит Қоңырбайұлының достары, туыстары, жанұясы мен əріптестері азаматын ардақтап математика кабинетін салтанатты түрде ашты.
Осы шарада Əбдімажиттің өмірдерегі жеткен жетістіктері кеңінен айтылып, академик, математик ғалымдар Мұхтарбай Өтелбаев, Асқар Жұмаділдаев сөз сөйлеп, құттықтау лебізін жеткізді.
Оқушылар өз жадынан шығарған өлеңдерін оқып, ұстаз өмірін сахналық көрініс арқылы көрсетті, қариялар ақ батасын берді. Деректі фильм ұстаз өмірінің елге үлгілі жақтарынан жан-жақты сыр шертті.
Цифрлық технологияның жетістігі ұстаз жайлы QR коды арқылы көп мəлімет алуға мүмкіндік жасалды.
Кабинет салтанатты рәсімде ашылып, ақ жаулықты аналарымыз шашу шашты .
Əбдімажит Қоңырбайұлына бағышталып құран оқытылып, ас берілді.
Ардақты азамат, қайраткер, ұлағатты ұстаз Əбдімəжит Қоңырбайұлы Өтештің есімі ел есінде мəңгі сақтала бермек.
Әбдімажит Өтеш атында үшінші рет кабинет ашылды. Бірінші туған жері Ақтоғай ауылында, Жамбыл облысы, Сарысу ауданында. Екінші Алматы қаласындағы өзі алғаш ашқан 173-мектепте, үшіншісі соңғы ашқан, өмірінің соңына дейін қызмет еткен,178-мектепте ашылды.


Жаңашыл ұстаз, білікті басшы  Ə. Қ. Өтешті еске алу кеші










Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: