"Қош келдің, әз Наурыз!" » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2019

"Қош келдің, әз Наурыз!"

Наурыз - ел мен елді бірлікке, ынтымаққа, достыққа ұмтылдырған Ұлы күн. Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсылықтың жаршысы, жаңару белгісі, тіршіліктің тынысы, теңдіктің терезесі ашылып, өмірге нұр сыйлаған, халық қастерлеген тамаша күн. Наурыз - еліміздің баянды бірлігі мен ұйыған татулығының мерекесі.
Айтулы мереке қарсаңында №178 лицей ұжымы да осындай бақыт пен шаттық, тыныштық пен бейбітшілік мерекесіне арналған іс-шара өткізді. Оқушылар халқымыздың салт-дәстүрінен сахналық қойылым көрсетіп, ұлттық ойындарынан бәсекеге түсіп, музыкалық ән-шашуларын жолдау арқылы мерекені ұйымшылдықпен тойлайтындығын және ғасырлар қойнауынан жеткен ұлттық салт-дәстүрімізбен тығыз байланысты екенін ауыл болып көрсетіп, жадымызда жаңғырта отырып, өздері де зор қызығушылық танытты.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: