Қазақстан мектеп оқушыларының ағылшын лигасы дебатының жүлдегерлерін құттықтаймыз! » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан мектеп оқушыларының ағылшын лигасы дебатының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
17
май
2021

Қазақстан мектеп оқушыларының ағылшын лигасы дебатының жүлдегерлерін құттықтаймыз!

✅ 2021 жылдың 15-16 мамырында Алматы қаласында ҚР БҒМ республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының дебат қозғалысының жобалық кеңсесінің қолдауымен Қазақстан мектеп оқушылары арасында ағылшын лигасы дебаттарының ақтық турнирі өтті.
✅ Онлайн-іріктеу турниріне республика бойынша 108 командадан 413 оқушы қатысты. Ақтық сында оффлайн режимінде 165 оқушы әртүрлі сұрақтарға өздерінің көзқарастарын дәйекпен қорғап, дипломатиялық түрде жауап беру дағдыларын көрсете білді.
✅ Әлемнің 17 елінен келген әділ-қазылар алқасы пікірсайысқа қатысушы оқушылардың ағылшын тілінде сауатты сөйлеуін, білімділігі мен шеберлігін ерекше атап өтті.
✅ Ақтық сында Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейдің «Gen-Z» тобы (Ахметжан Нурбике, Нураллин Бекжан, Амангелді Жанасыл, Утепова Айзада, Тынышбай Арият және жетекшісі Ауелбекова Айнура) жүлделі ІІІ орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көріне білді.
Congratulations! We respect our Debate team “Gen-Z”!




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: