Лицейішілік дебат ойындары » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2021

Лицейішілік дебат ойындары

Дебат клубы ойды өсіреді
Өмірге, қоршаған ортаға сын көзбен қарап, оның дамуына өзіндік үлес қосуға итермелейтін күш қазіргі жастарымыздың бойынан табылады. Осы орайда олардың жан-жақты дамуы үшін пікірсайыс та өте қажет. 2021 жылдың 16-17 сәуірінде Алматы қаласындағы Алатау ауданына қарасты №178 мамандандырылған лицейдің «Алаш жастары» дебат клубының жетекшісі Рапилова Эльмираның ұйымдастыруымен онлайн форматта Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» тақырыбында лицейішілік турнир ұйымдастырылды. Оған лицейдің 6-11-сынып оқушылары қатысты. Бірінші күні іріктеу ойындары мен интеллектуалды ойын болды. Екінші күні бәйгеге түсетін топтар іріктеліп, плэй-офф ойындары басталды. Ойын жүйелі, қысқа да нақты, әрі жоғарғы деңгейде өтіп, пікірсайысшылар кез- келген тақырыпты еркін игеріп, ой-пікірі, шешендік қабілетімен көпшілікті таң қалдырды. Оқушылар ізденіп жүретіндіктерін байқатты. Финалдық ойында "Жас қыран" және "No-mad" фракциялары қарсы ойнады.
Екі күндік дебат клубының ойынында төрешілердің шешімі бойынша «Жас қыран» фракциясы І орынды иеленіп, жеңіске жетті. Жүлделі ІІ орынды «No mad» , ал ІІІ орынды «Қырат»пен «Алаш» фракциясы иеленді.Сонымен қатар, 10-сынып оқушылары Жүзбасар Арайлым, Әшірбек Димаш және 7-сынып оқушысы Төкен Ақжол «Үздік спикер» атанды. Бұл ретте Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студенті, «Атамекен ИПК» пікірсайыс клубының мүшесі Есенбекова Қаракөздің ойындарды ұйымдастырып, жастарға өз пікірлерін еркін айтуға жол көрсете білген еңбегінің зор екенін атап өткім келеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: